13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЕЛДІКТІҢ СУРЕТКЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ «ЕЛДІКТІҢ СУРЕТКЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Елдіктің суреткері» жас ақындар мен қылқалам шеберлері арасында аудан әкімінің жүлдесіне арналған байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты — талантты әрі дарынды жастарды қолдау, өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастыру.
Байқаудың ережесіне сәйкес жас ақындар мен қылқалам шеберлері өзара топтасып, патриоттық тақырыпта сурет салумен және жаңа туынды шығарумен сайысқа түсті.
Ерекше форматта өткен байқауда ақындар мен суретшілер белсенділік танытты.
Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Азамат Мүтәлі, Хасан Ғаниев, Жанерке Сапархан, Ерғалым Арай иеленсе, ІІ орынды Ақжан Тұрғын, Нұрай Ерғалым, Нұрайлым Бекмұратқызы, Нұралы Айзере өзара бөлісті, Ал, Айжанар Жанұзақ «Ауыл» картинасымен, Шұғыла Ермахан «Аңсау» өлең жолдарымен І орын тұғырынан табылды. ​Байқаудың бас жүлдесі «Отаным» атты жыр жолдарымен көпшілікті тамсандырған дарынды ақын Мадина Хакимжановаға және «Отан» картинасымен көзге түскен жас суретші Дастан Икрамидинге бұйырды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды аудан әкімі Рақымберді Жанысбекұлы және аудандық «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы құттықтап, аудан әкімінің арнайы сыйымен марапаттады.
Еске сала кетейік, барлық қатысушы талантты жастарға аудан әкімінің алғыс хаты мен жүлде қорлары табысталды

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентҚаратау ауданы
Previous Post

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Next Post

Президент ауыл-аймақты дамыту үшін не істеу керектігін айтты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі