Тұрғындардың 62%-ы TOLEM жүйесімен қолданады. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында — Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов брифингте мәлімдеді. «TOLEM компаниясы өзінің платформасындағы экожүйені және функционалдығын кеңейту, пайдаланушы базасын ұлғайту және клиенттер үшін сервистерді жақсарту, әртүрлі қызмет салаларында цифрландыруға және сервистерді жақсартуға жәрдемдесу мақсатында «Open API» озық технологиясын енгізуде. Open API (ашық бағдарламалық интерфейс) – бұл үшінші тарап қосымшалары мен қызметтерін жасаушыларға TOLEM платформасымен өзара әрекеттесуге және оның функционалдығын пайдалануға мүмкіндік беретін протоколдар мен құралдар жиынтығы.
Open API ұсыну басқа компаниялармен интеграция мен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Компанияның серіктестері мен әзірлеушілері енді ашық API арқылы деректерге, компанияның мүмкіндіктеріне және қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл TOLEM платформасымен интеграцияны жеңілдетеді, инновациялық қосымшаларды жасауға және компания өнімдерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады» — деді спикер. Спикердің сөзінше, қала бойынша барлық қоғамдық көліктерде арнайы терминалдар мен QR-кодтар орнатылған. Тұрғындардың 62%-ы TOLEM жүйесімен қолданады. TOLEM жүйесі қаламыздағы 150 мектепте енгізілген. Яғни, тегін тамақпен қамтылған оқушылар асханамен қоғамдық көлікте қолданатын Төлем картасы немесе қосымшадағы динамикалық QR арқылы есеп айырысады.
Ақпарат үшін айта кетсек, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі ендірілген болатын. Осыған орай, автобустарда 1900 тұрақты терминал және 1200 мобильді терминал орнатылған. Бұл жүйенің артықшылығы — төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып саналады. Қазіргі таңда сатылған көлік карталар саны 500 мыңнан асады. Оның ішінде 230 мыңға жуығы мектеп оқушыларының және студенттердің картасы.