Бүгін Түркістан облысының білім басқармасында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Кездесуге келген 10-нан аса азаматтың мәселесін тыңдаған басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы, қоғамдық қабылдау барысында өңір тұрғындары тарапынан айтылған арыз-шағым, өтініш-тілектерін тыңдады.
Өз кезегінде басқарма басшысы, бөлім басшылары мен жауапты мамандарға қоғамдық қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелерді назарға алып, нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Мектеп бітірушілеріне сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік білім алуды бағдарлау мақсатында мектеп базаларында кәсіби бағдарлау бұрыштары ашылған. Бұл туралы нақты ақпаратты оқу бөлімі бере алады. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, өңірдегі еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, орналастырылады. Бұл мақсатта мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінен тиісті ұсыныстар жинақталып, арнайы құрылған комиссияға ұсынылады.
Жаңа оқу жылына колледждерге оқуға түсу үшін талапкерлерден құжаттарды қабылдау барысында ақпараттық платформа арқылы BTS Education порталына сілтеме жасалған кәсіби диагностикадан өтуге мүмкіндігі бар. Бұл диагностика жеке тұлғаның кәсіби бағдарлануына және өз талабына сай мамандық таңдауға мүмкіндік береді.Қазіргі мұғалім тақта мен бор, кітап болса болды дейтін баяғы мұғалім емес. Мұғалім тұрақты түрде өзінің біліктілігін, құзыреттілігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Оның үстіне министрлік тарапынан үнемі қолдаулар жасалып келеді. Соған байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіру курстары жүргізіліп жатыр. Сол сияқты біз кітапты сатып аламыз. Қажетті фильмге ақы төлейміз. Соған сәйкес, әрбір маман тегін курстарға қатысып қана қоймай, өз біліктілігін жетілдіруге ақылы болса да қатысуы тиіс. Мұғалім де өзінің біліктілігін жетілдіруден қаржы аямауы тиіс деп ойлаймын. Сол кезде мұғалім білімді болса, оның айналасынан балалар үйренгісі келіп шықпайтын болса, одан қосымша сабақ сұрап жатса, ондай мұғалімді ешбір басшы көше сыпыруға жібермейді. Себебі, ол мұғалімнің қадірі өте жоғары болады. Ыбырай Алтынсариннің «Мектептің жүрегі-мұғалім» деген жақсы сөзі бар.