2022-2023 оқу жылында Түркістан облысы бойынша 30110 мектеп бітірушілердің (оның ішінде 23837 қазақ, 1848 орыс, 4149 өзбек, 276 тәжік) 23930-ы (79,3%) Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш берген.
ҰБТ тапсыруға өтініш берген 23930 тестіленушінің тестілеу тапсырғаны – 23579, шығармашылық емтихан тапсырғандар саны – 2897, тестілеуге қатыспағаны – 433 (денсаулығына және түрлі себептермен).
Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 мамырдағы №206 бұйрығына сәйкес мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру 2022 жылғы 16 мамыр – 5 шілде аралығында (ағымдағы жылы мемлекеттік грантқа тапсыруға тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік берілді) облыстағы 5 аудан, қала орталығында орналасқан (Жетісай, Созақ, Сарыағаш, Сайрам, Түркістан) тәуелсіз «USTUDY» тестілеу орталықтарында академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасын сақтай отырып, компьютерлік форматта жүргізілді.
Тестілеу 2 лекте, сондай-ақ, тестілеу орталықтарында 12 аудиторияда 500 компьютерлік орын дайындалып жүргізілді.
Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынды.
Ал республика бойынша 162 мың талапкер ҰБТ тапсырды.
Оның ішінде:
-Талапкерлердің 76,16% – ы қазақ тілінде, 24,74% – ы орыс тілінде, 0,1%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті;
-шекті балды 83%-ға жуық талапкер жинады;
-орташа балл – 73 балл;
-478 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты;
-ең жоғары балл – 137.
Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 402 талапкер айырылды.
Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.
Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетейік, биыл 50 мыңнан астам апелляциялық өтініш қарастырылып, оның ішінде 805 өтініш қанағаттандырылды. Мемлекеттік комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.
Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 100 мыңға жуық өтініш өңделді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсырушыларға қаламсап аудиторияға кіргеннен кейін беріледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев осындай өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты.