Бұдан бөлек жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әр түрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасыны қамту жоспарлануда. Биыл Шымкент қаласындағы тұрғынүй кезегінде тұрған отбасыларға берілетін пәтер саны артпақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 324 арендалық пәтер тұрғын үй кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасыларға сонымен қатар жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге, ал 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға қолдынысқа беру көзделген. Бұдан бөлек жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әр түрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасыны қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бойынша тиісті мекемеге ұсыныс беріліп, жұмыстар атқарылуда. Осылайша биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын пәтер саны артпақ.
Сонымен қатар биыл Отбасы банк арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып, қазір 973 азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде «5-20-25» бағдарламасы бойынша 609 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша -293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы — 71. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында мегаполисте ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыру жоспарлануда.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осы ретте биыл 67 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап жыл соңына дейін ел игілігіне тапсыру көзделуде. Тұран шағынауданында 18 үйдің, Бозарық шағынауданында 54 үйдің, Ақжайық шағынауданында 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтер нарықтан сатып алынатын болады. Айта кету керек, биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Алайда мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар. Аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаның биылғы конкурсына 150 лимит бөлінген. «Қамқор» бағдарламасының шартына сәйкес, қатысушы азамат 20 миллион теңгеге дейін 5 пайыздық жеңілдетілген несиемен баспаналы бола алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 3 миллиард теңге бөлінді.