2023 жылғы 13 шілде күні облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мәжіліс залында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, қабылдау комиссиясының жауапты хатшылары, ішкі талдау жұмыстарына жауапты мамандар қатысуымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенді жоспарының» «Білім беру ұйымдарының, педагог қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бағытында білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Білім беру саласы бойынша бүгінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында ақпараттық, ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде.Жыл сайын күнтізбелік оқу жылының басында колледж және мектеп басшыларының және мемлекеттік органдардың қатысуымен білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық заңнамаларға қатысты бірнеше күндік құқықтық жалпы білім беру өткізіледі.
Семинар мақсаты — білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл тәуекелдерін төмендету және жаңа оқу жылына қабылдау бойынша сыбайлас жемқолықтың алдын алу болып табылады.
Семинарға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары, майор Әсілбек Сәбит Әсетұлы қатысты.
Сонымен қатар, Түркістан адалдық алаңының жетекшісі Н.Абуова «Білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды.