Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы туды. Мемлекет болашағының кепілі жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Сондықтан да әлемдегі дамыған елдер секілді тәуелсіз елімізде білім жүйесінің сапасын жетілдіру — ең өзекті мәселелердің бірі. Қосымша білім беру ұйымдары тек адамның шығармашылық мүмкіндіктері туралы білім кеңейтіп қана қоймайды, ол еңбектің қалаған саласында табысқа жету мүмкіндігін береді және еңбектің кез келген саласында табысқа жеткізетін қасиеттерді дамытады.
Қосымша білім беру ұйымдары ортақ қызығушылық, ортақ рухани құндылықтар негізінде араласу шеңберін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ғылым мен техника дамыған ХХІ ғасырдың екінші онжылдығы заманауи өзгерістерге толы. Бұл күнде қоғам ақпараттандырылған, білім саласынада заман өз қажетіне қарай талап қойып отыр. Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі, білім алушының қандайда бір іске құзіреттілігін дамыту. Тұлғаның ортамен қатынасын, шығармашылығын дамыту.
Құзірет дегеннің өзі өмір бойы үйренуге ұмтылу дегенге келеді. Заманауи білім тендиясына сәйкес Қазақстандық білім беру жүйесі өзінің келбетін өзгертті.Тенденция – бағыт, ой мақсаттың өсу бағыты.
Сонымен, қосымша білім беру ұйымдарын дамытудың негізгі тенденциясы да жалпы орта білімдегі сияқты кәсіби бағыттылық болып табылады. Дегенмен, қосымша білім беру ұйымдарында бұл процестерді кеңірек, тереңірек жүргізуге мүмкіндігі мол, әрі жалпы орта білімге қарағанда адамға бағытталған. Осы орайда білім беру жүйесіндегі қосымша білім беру, соның ішінде балаларға техникалық шығармашылықты дамытудың маңызы зор екенін атап өтуге болады.
Заманауи кезеңдегі қосымша білім берудің негізгі бағыттары: жаратылыстану-ғылыми, техникалық бағыттар бойынша 3D үлгілеу, авто, астро, кеме, авиа үлгілеу, телестудия, картинг, зымыран, стендік, бастапқы, спорттық, әскери, роботтық техникалық және ғарыштану үйірмелері жұмыстарын жүргізуде.