Ақпараттық жүйе бойынша 16 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Шымкент қаласының цифрлық «Ашық картасы» әзірленіп, іске қосылды . Картада қала бойынша жер сауда-саттығы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары, қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспары, қызыл сызықтар, шекаралар, құқық бұзушылық картасы, бос жер учаскелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған. Сонымен қатар, ақпараттық жүйе бойынша 16 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.
Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы саласында — 8, жер қатынастары саласында — 8 мемлекеттік қызмет. Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесіне https://geo-shym.kz сілтемесі арқылы өтуге болады. Еске сала кетсек, «Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында биыл жыл басында қалада геопортал жүйесі іске қосылатындығы хабарланған болатын. Ашықтықты қамтамасыз ететін бұл жүйе арқылы жер қатынастары, “Бір терезе” принципі арқылы жұмыс істейтін ақпараттық жүйе қағазбастылықты азайтып, сыбайлас жемқорлықты алдын алу үшін дайындалған.
Атқарылған жұмыс барысымен, алдағы жоспарлармен Мұрат Дүйсенбекұлы сала басшысына құзырлы мекемелермен бірлесе отырып, қала аумағында мемлекет иелігіндегі жерді өзбетінше иелеленуге жол бермеу мақсатында нақты тамсырмалар жүктеген еді. Жалпы, былтырғы жылы қалада 391 жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылған. Қала басшысы жауаптыларға мегаполис аумағындағы пайдаланылмайтын жерлерге қатысты мониторинг жүргізуді тапсырған. Сондай-ақ биыл қаланың 2035 жылға дейінгі даму жоспары жобасының негізгі ережелерін енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді жүктеген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлерге жер учаскелерін жедел әрі ашық бөлудің тиімді тәсілдерін ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар да қала әкімінің тікелей назарында.