13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай Қазақ халқының ұлы ақындарының шығармаларынан көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Байқаудың міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, ел ішінен талапты, талантты азаматтарды іздеп табу.

Аталмыш додаға аудан-қалалардан 16-28 жас аралығындағы 15 үміткер қатысып, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларынан және қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінді оқып, бақ сынасты. Талапкерлер дайындаған мәтіндерін жатқа оқумен бірге сахналық бейнесі мен киімдерін байқау кезеңдеріне үйлестіре білулері қажет. Байқау шарттары бойынша жоғары ұпай жинағандар келесі кезеңге жіберіледі.

Байқаудың қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы бір жеңімпаз бен үш жүлдегерді анықтайды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.

Байқауға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Исаева, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжанов және ақын, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Бауыржан Ерман әділ қазылық етті.
Рухани мазмұны мол сайыста бас жүлдені Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер коллежінің 3-курс студенті Аида Мақанбай иеленді. Сонымен қатар Созақ ауданынан келген Төлбай Әбілқасым жүлделі І орын, Келес ауданынан Арайлым Қалдыбек ІІ орын, Шардара ауданынан Жанар Оңғар және Сайрам ауданынан келген Дилноза Исламова ІІІ орын иегері атанды.

Previous Post

АРЫС: АРДАГЕРЛЕР ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫНДА КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ҰСЫНЫП, КӨПТІ ТӘНТІ ЕТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі