13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫНДА КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ҰСЫНЫП, КӨПТІ ТӘНТІ ЕТТІ

20 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫНДА КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ҰСЫНЫП, КӨПТІ ТӘНТІ ЕТТІ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін өңірде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Мәселен, бүгін Түркістан қалалық саз мектебінің оқушылары жиналып, белсенді ұзақ өмір сүру және тең қоғам орталығына барды. Онда балалар ұстаздарымен бірігіп, көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды. Концертке 30-ға жуық оқушы қатысқан. Балалар жиналғандарға барынша өз бойларындағы өнерлерін көтеруге тырысты. Ән айтып, түрлі аспаптарда ойнады.

— Жасөспірімдер мұндай шаралар уақытымызды тиімді жоспарлауға әрі бойдағы өнерімізді әрі қарай шыңдауға көмектеседі, — дейді.

Айтуларынша, мұндай шаралар бір жағы күні-түні телефонға телмірген балаларды сергітеді.
Өнерпаздар алдағы уақытта да осындай мекемелерді аралап, концерттік шара өткізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетсек, Түркістан қалалық саз мектебінің 64 жылдық тарихы бар. Мұнда 300-ге жуық оқушы тәлім алады.

Айта кетсек, Түркістан облысында балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастаған.Солардың бірі — Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерьдің 250 балаға демалыс орны қарастырылған. Қазіргі таңда онда 250 бала болса, олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады. Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады.Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

Шымкентте медицина жиһаздарын шығаратын зауыт іске қосылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі