Арыс қалалық білім бөлімімен «Мұрагер» Республикалық қоғамдық бірлестігі бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің жарғысына сәйкес жоспар бойынша кеше Түлкібас ауданы, Машат ауылы «Арман» лагеріндегі жазғы сауықтыру демалысындағы оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге Мұрагер бейбітшілік шарты әскери күштері ардагері Республикалық қоғамдық бірлестік төраға ардагері Арзыкұлов Үсенбатыр Мизамбайұлы, ұйымдастырушы Мұрагер бейбітшілік шарты әскери күштері ардагері Арыс аумақтық төрағасы Атабеков Нұржан Ромашовұлы, Бәйдібек ауданы аумақтық төрағасы Рысқұлбеков Мақсат, Арыс ардагерлері кеңесшісі Тұрманбетов Жолдасбек Мүбәракұлы, Абдуллаев Үсен Омарұлы және білім бөлімінің әдіскері Игликова Майра Елшібекқызы, «Арман» лагерінің басшысы Клара Омарқызы мен басқа да қызметкерлері қатысты.
Кездесу мақсаты:
Жас өскелең ұрпаққа патриоттық тәлім тәрбие бере оиырып, отан сүйгіштікке баулу. Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын, бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, елімізге құрметпен қарайтын, мұраты биік патриот, намысты, қайсар, жігерлі жас ұрпақ тәрбиелеу.
Жақсы әсердегі кездесуден жақсы әсерде концерттік бағдарламаға ұласты.
«Мұрагер» ардагерлеріне біз біргеміз деп — оқушыларымызда өз өнерлерімен би-билеп, бар өнерлерін ортаға салды.Айта кетсек, Түркістан облысында балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастаған.Солардың бірі — Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерьдің 250 балаға демалыс орны қарастырылған. Қазіргі таңда онда 250 бала болса, олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады. Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады.