13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ КҮШЕЙТІЛДІ

17 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ КҮШЕЙТІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазірге таңда Түркістан облысының білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.
Оның ішінде 750 бейнебақылау камерасы ІІД-нің жедел басқару орталығына тікелей жалғанған.
SOS батырмасы арқылы санаулы секундта полицейлермен байланыс орнатуға болады.
284 білім ошағына арнайы турникеттер қойылған. 572 мектепке мамандандырылған күзет қызметі іске қосылды. Жаңа оқу жылында да, қауіпсіздік жүйесіне байланысты шаралардың саны артып, толыққанды қажетті техникалармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.
Түркістан облысының білім сапасын көтеруде жасалған ең ірі жоба ол — Bilim Land цифрлық платформасын енгізу болып табылады. Бұл платформа облысқа тегін беріліп отырғанын атап өткім келеді және сол үшін оны әзірлеуші азаматтарға алғыс айтқым келеді. Бұл платформада 37 пәннен 25 мыңнан аса дайын цифрлық сабақтар, 100 мыңнан аса интерактивті тапсырмалар жинағында 35 мыңнан астам видеосабақтар, 544 мыңнан аудиоинтерактивті тапсырма, 200 мыңнан аса тестілеу тапсырмалар жинақталған.

Сондай ақ, онлайн үй тапсырмалар бойынша 77 мыңнан астам тест тапсырмалары да мұғалім мен оқушылардың пайдалануына берілді. Тегін ҰБТ-ға дайындалу мүмкіндігі берілді.

Түркістан облысында мектеп саны мыңнан асты. Бұл республика бойынша рекордтық сан. Бұған қарамастан облыс үшін мектеп қажеттілігі әлі де бар. Сондықтан мектеп құрылысы әлі де жалғасын табады. Президент бастамасымен қолға алынған “Жайлы мектеп” жобасы аясында 2023-2024 жылдары 63 мектептің құрылысы бекітілді. Бұл мектептердің жұмысы және өңіріміздің білім сапасын арттыруда барынша тиімді пайдалану жағын қарастырудамыз. Сондай ақ, мектептер 395 жаңа модификацияланған кабинеттермен (химия, биология, физика) жабдықталатын болады.

Сонымен қатар, облыста күрмеуі көптен бері шешілмей келген мәселе — оқушылардың тасымалы. Биыл ол шешімін тапты. Облысқа 101 жаңа, заманауи автобустар лизингпен алынды. Бұл көліктер қазіргі кезеңдегі ең озық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл автобустар мектептері жоқ ауыл балаларының қауіпсіз әрі жайлы тасымалын ұйымдастыратын болады.

Ауыл демекші. Биыл ауыл мектептерінің сапасын арттыру мақсатында Отырар ауданында алғаш тірек мектебі жасақталды. Заманауи үлгіде жасақталған бұл мектепте Назарбаев зияткерлік мектебі тарапынан білім сапасын арттыру, басқару жөнінде мұғалімдер мен директорларына тренинг сабақтар жүріп, ол әрі қарай ауданның 6 ауылдық мектебіне басшылық жасап, үлкен әдістемелік орталыққа айналады.

Облыстық білім саласының бюджеті 600 млрдтан асты. Үш жылдық қаражаты бекітілді. Соңғы жылдар ішінде алғаш рет оқу жылын мұғалімдер алдында қарызсыз жаптық. Бірақ біздің басты мақсатымыз қаржы жүйесінде заңбұзушылыққа жол бермеу. Сондықтан қаражаттың тиімді әрі заңды жұмсалуын қамтамасыз ету үшін бұлтты бухгалтерия жобасы енгізілуде. Қазіргі таңда үш аудан апробациядан өтті. Алдағы уақытта бүкіл облыстық білім ұйымдары осы бағдарлама негізінде жұмыс істейтін болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ «АҚЫЛДЫ СӨМКЕ» ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Next Post

АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі