13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

17 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының сақталуы, білім алуы, тамақтануы, көлік тасымалымен қамтылуына қатысты Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Жамбыл облыстарындағы 70 нысанға профилактикалық бақылау жүргізді.

«Профилактикалық бақылау аясында мектептердегі ас мәзірінің сәйкессіздігі анықталды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру құқығын іске асыруды растайтын құжаттар толық болмады. Осыған қатысты облыстық білім басқармаларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жіберілді», – дейді комитет төрағасы Насымжан Оспанова.

Бұдан басқа, Комитет бала құқықтарын қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың шағымдары негізінде жоспардан тыс тексеру де жүргізеді.

Бала асырап алушы үміткердің шағымы бойынша Жамбыл облысының «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінің қызметі тексерілді. Нәтижесінде, жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және ақпаратқа қол жеткізу туралы қағида нормалары өрескел бұзылғаны анықталды. Сот шешімімен лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті профилактикалық бақылауды сырттай және нысанға барып жалғастырады. Осы жылдың екінші жартыжылдығында өңірлерде тағы 30 нысан тексеріледі.
Құқық бұзушылық – бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ КҮШЕЙТІЛДІ

Next Post

ОРДАБАСЫ: ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «ҚУАНЫШ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ ДЕМАЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі