13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыс: Түлектерге аттестат тапсырылды

21 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Арыс: Түлектерге аттестат тапсырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Аққала жалпы орта мектебінде бүгін 11-сынып бітіруші оқушыларға арналған аттестат тапсыру жиыны өтті.
Салтанатты жиынға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығының басшысы Төлімбет Бақытжан Нұрмағанбетұлы арнайы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге өз қолымен аттестат тапсырды.

Сонымен қатар облыстық білім беруді дамыту орталығының арнайы «Алғыс хатымен» мектеп директоры Мауленов Ердаулет Еркеқұлұлы, ДТІЖО Қазыбаева Гүлмира Бекбосынқызы, 11-сынып жетекшілері: Ділдабекова Айнұр, Аубешова Рыскул, музыка пәнінің мұғалімі Байтемиров Буралхан марапатталды.

Іс-шара соңында мектеп директоры Мауленов Ердаулет Еркеқұлұлы барлық бітіруші түлектерге қауіпсіздік ережелері мен мектеп бітіру кешінде тыйым салынатын жағдайларды айтып таныстырды.

Жоғары білім мен тағылымды тәрбиені бойына сіңіріп өскен шәкірттеріміз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі болуына тілектеспіз,- деді ұстаздар.
Еске салсақ, өткен жылы, Жетісай қаласындағы Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясын бітірген 63 түлектің барлығы мемлекеттік грантқа ие болған еді. Олардың бәрі Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинаған.

Бұл мектептің түлектері жыл сайын осындай аса жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Қоғамда мұндай нәтижеге күмәнмен қарайтындар бар. Бірақ, мектеп басшысы мұның сыры қарапайым дейді: білікті педагогтар және зерек оқушылар.

Айта кетсек, Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназия 1986 жылы ашылған. 2009 жылы оған гимназия деген статус берілді. Соңғы 20 жылда мектептен 444 Алтын белгі, 220 Үздік аттестат иесі түлеп шыққан. Қосымша ақпар. 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық шеңберін іске асыру мақсатында облыста 49 000 орынды 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы 20 мектепті (5 150 орын) пайдалануға берілу жоспарланған.

Previous Post

Отырар: «EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ VII» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Next Post

Жетісай: Ғылыми жұмыспен айналысу - оқушының интеллектуалды деңгейін көтереді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі