13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырар: «EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ VII» байқауының жеңімпаздары марапатталды

21 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Отырар: «EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ VII» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда «EDUStream» халықаралық білім беру компаниясы – Қазақстандағы «Express Publishing» халықаралық баспасының ресми өкілі Астана қаласында «Совершенствование педагогического мастерства учителей в школе XXI века» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын, сонымен қатар оқу жылы бойына созылған байқау қорытындысы бойынша Республикалық кезеңнің финалына өңір оқушылары мен мұғалімдері де марапатталды. Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназиясының оқушысы Мұхамедәшім Гүлім І орын иеленіп, мұғалімі Сұлтаханова Балжан марапатталды.

Дәстүрлі шара 7-ші мәрте ұйымдастырылды. Биыл конкурсқа 2 мыңнан астам мұғалім мен мың жарым оқушы қатысты. Олар ағылшынша эссе жазып, бейнежазба түсірді. Тест тапсырды. Әсіресе, шалғай ауылдардан келген балалар мен оқытушылар белсенділік танытты. Ағылшын тілін жетік меңгергенін көрсетіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Жалпы 37 қатысушы жүлделі орынға ие болды. Осыған дейін конкурс озаттары беделді отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсіп, IELTS-тан жоғары балл алған.

Ұйымдастырушы компания «EXAM VOUCHER» сертификатын сыйға тартты. Отырар ауданы Темір жалпы орта мектебінің оқушысы Досан Айназым ІІІ орын иеленіп, мұғалімі Жандарбекова Мариназ марапатталып, «EXAM VOUCHER» сертификатына ие болды.
Жетісай ауданы Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Досан Жания жүлделі ІІІ орынға ие болып, жетекшісі Қалжанова Айгул марапатталып, «EXAM VOUCHER» сертификатына ие болды.

Ордабасы ауданының Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Лес Сымбат «Зерттеуші оқушы» номинациясына ие болып, жетекшісі Өтебек Әлия марапатталды. А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сейітхан Аделя «Шығармашыл шәкірт» номинациясына ие болды. Мұғалімі Хасанова Наргиля мадақтамамен марапатталды. «EDUStream» халықаралық білім беру компаниясы барлық жүлделі орын алған оқушылар мен олардың жетекшілеріне бағалы сыйлықтарын ұсынды.

Previous Post

Түлкібас: Түлектерге аттестат тапсырылды

Next Post

Арыс: Түлектерге аттестат тапсырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі