13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас: Түлектерге аттестат тапсырылды

21 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түлкібас: Түлектерге аттестат тапсырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында яғни, 46 мектепте 11-сынып бітіруші оқушыларға арналған аттестат тапсыру жиыны өтті.
Биыл 11-сынып мектеп бітіруші оқушылар арасынан 56 «Алтын белгі», 114 Үздік аттестатт иегерлері өз аттестаттарын алды.

Салтанатты жиынға Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Кадырбек Изтайұлы, бөлімнің бас мамандары: Б.Қилыбаев, Ж.Раимбеков және пән әдіскерлері қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ыстық ықыластарын білдірді.
Барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Түнгі рейд жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов және бөлім басшысы Ержан Қадырбек бастаған топ жетекшілері басшылық жасайды.
Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарына АПБ қызметкерлері бекітілген.
Мектеп табалдырығынан білім нәрімен сусындаған талантты шәкірттерге ақ жол тіледі.
Өткен жылы, Жетісай қаласындағы Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясын бітірген 63 түлектің барлығы мемлекеттік грантқа ие болған еді. Олардың бәрі Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинаған.

Бұл мектептің түлектері жыл сайын осындай аса жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Қоғамда мұндай нәтижеге күмәнмен қарайтындар бар. Бірақ, мектеп басшысы мұның сыры қарапайым дейді: білікті педагогтар және зерек оқушылар.

Айта кетсек, Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназия 1986 жылы ашылған. 2009 жылы оған гимназия деген статус берілді. Соңғы 20 жылда мектептен 444 Алтын белгі, 220 Үздік аттестат иесі түлеп шыққан. Қосымша ақпар. 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық шеңберін іске асыру мақсатында облыста 49 000 орынды 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы 20 мектепті (5 150 орын) пайдалануға берілу жоспарланған.

Previous Post

ТҰРАНДА ЖАҢА АЛАҢША ТҰРҒЫНДАРҒА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Next Post

Отырар: «EDUSTREAM ЖҰЛДЫЗДАРЫ VII» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі