13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай: Ғылыми жұмыспен айналысу — оқушының интеллектуалды деңгейін көтереді

21 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Жетісай: Ғылыми жұмыспен айналысу — оқушының интеллектуалды деңгейін көтереді
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданы, Б.Майлин атындағы №21жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Нұралы Меруерт Мұратбекқызы 2022-2023 оқу жылында «Қазақ қоғамындағы би-шешендердің қызметі» тақырыбында ғылыми жоба байқауына қатысып, ІІІ орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Мусаева Мейрамкуль Абдрашовна.
Оқушының ғылыми жұмыспен айналысуы қазіргі ғылым мен білім өркениет алған заманда өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Ғылыми жұмыспен айналысу білім алушының мектеп қабырғасында өзінің таңдап алған тақырыбын тереңірек зерттеп, көпшілікке мәлім емес тың деректерді жинақтауға ықпал етеді.

Қазақтың Төбе биі — Төле бидің қазақ қоғамына қосқан бай мұралары мен өлшенбес үлестерін, ерен еңбегі мен бүгінгі таңға дейін өзекті әрі маңызды мәселе болып келеді. Оның шығармашылығы мен ойлары адамдарды өз құқықтары мен еркіндіндігі үшін күресуге үндейді.

Төле бидің қазақ мәдениетін ұлықтау, бай тілімізді дәріптеу көптеген адамдарға шабыттың қайнар көзі. Сондықтан әр қазақтың ұлы тұлғалардың еңбектерін зерттеуді олардың жүріп өткен өмір жолын, көпшілік білмеген тың деректерді зерттеуді және оны көпшілік қауымға насихаттауды көздейді.

«Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет. Оқушыға ойда-жоқта келіп «сен мына ғылыми жұмыспен айналыс» десек, оқушының оған деген қызығушылығы да, талпынысы да төмен немесе мүлдем жоқ болады. Сондықтан да тақырыпты өздері таңдауға жұмылдыру қажет. Тақырыпты таңдағанда «Мені не қызықтырады?»- деген сұраққа жауап беру керек. Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады»,- дейді ұстаздар.

Қазіргі уақытта мектептерде оқушылар мен мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оның басты мақсаты: оқушыларды өздігінен білім алуға ынталандыру, ізденіске баулу болып табылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың білім мен біліктері артады.

Previous Post

Арыс: Түлектерге аттестат тапсырылды

Next Post

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ШЕТЕЛГЕ ТАНЫТАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі