13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛТЫСТЫРҒАНДА ЕДӘУІР ЖЕТІСТІК КӨП

20 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛТЫСТЫРҒАНДА ЕДӘУІР ЖЕТІСТІК КӨП
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші болып қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев 2023 жылдың 5 айына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысының орындалуы бойынша баяндады.

Жалпы өнім көлемі 25,6 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,1% құрады. Өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындар есебінде. 2023 жылдың 5 айының қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындар– 17913,0 млн.теңге өнімін өндірген.

Білім саласында өткен жылмен салыстырғанда биыл жетістіктер көп. Ол жайында қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әуелбеков баяндап өтті.
Білім сапасының бірден – бір көрсеткіші – оқушылардың пәндік олимпиадасы. 2022-2023 оқу жылында Республикалық оқушылардың олимпиадасының облыстық кезеңінде 50 оқушыдан 35 оқушы жүлделі орын алған.

Сондай-ақ Республикалық оқушылар олимпиадасында жаратылыстану пәнінен 1 оқушы ІІІ жүлделі орын, гуманитарлық пәндер бойынша 4 оқушы ІІ және ІІІ жүлделі орын алған. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз ету» тапсырмасына сәйкес, қаламыздағы 25 мектеп, 33 балабақша қоршаумен, бейнебақылау жүйелерімен, ішкі жылу санитарлық тораптармен 100% қамтамасыз етілген. Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 25 мектеп, 33 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме жұмыс жасайды. Кентау қаласында 1905 мұғалім қызмет атқарды. Оның ішінде: — 1891-і жоғары білімді;- 14 арнаулы білімді.

Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің 2023 жылғы дала өрттерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысы тыңдалды.

2023 жылы басынан көпқабатты тұрғын үй аулаларында қураған шөптердің жану жағдайлары – 18 оқиға тіркеліп, салдарынан жалпы 2,4 Га қураған шөптер жанған. Өрттен шаруашылық нысандарға немесе егістік алқаптарына таралу жағдайлары тіркелмеген.

Қала басшысы баяндамашыларды тыңдап, бірқатар мәселелерді көтерді. Әр бөлім өзіне бекітілген индикаторлардың орындалуы бойынша жүйелі жұмыс атқару керектігін тапсырды. Сонымен қатар, білім саласына жаңа оқу жылында оқушыларды қоғамдағы үлгілі аға буындармен кездесулерді жиі ұйымдастыру керектігін, жастар арасында мейірімділікті дәріптейтін шараларды көптеп өткізу қажеттігін атап өтті. Төтенше жағдайлар бөлімінде өрт салдарына қажетті құралдар толықтай қамтылу керектігін атап, ұсыным беруді тапсырды. Аталған бөлім кез-келген төтенше жағдайдың алдын алуына толықтай әзір болуы керек, деді.

Previous Post

Созақтан шыққан өнертапқыш Бағдаттың үш тілде тыңдауға болатын дыбыстық ескерту қондырғысы көптің қызығушылығын туғызды

Next Post

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» КОНКУРСЫНЫҢ 2 КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі