13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясы өтті

12 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясы өтті
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Күн тәртібінде 15 мәселе қаралды. Түркістан облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясы өтті. 2023 жылғы 10 шілдеде сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға облыстың Құрмет грамотасы табысталды. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, облыстық қоғамдық ұйымдар төрағалары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Күн тәртібінде 15 мәселе қаралды. Сессияда Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі туралы басқарма басшысы Қ.Жолдықараев, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары жөнінде басқарма басшысы Р.Ибрагимов, облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Ә.Тасыбаев, сондай-ақ облыстық тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Жиенбеков баяндама жасады.

Сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, облыста атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Талапкерлер үшін «Серпін» бағдарламасына құжат тапсыру басталады 

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі