13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

12 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлының төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Басқосуға басқармадағы жауапты бөлім басшылары мен (аудан/қаладағы) білім бөлімдерінің басшылары ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Күн тәртібінде: «Білім мекемелеріндегі балалар қауіпсіздігі бойынша» қаржыландыру; «Орта білім мекемелерінің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы»; «Тегін ыстық тамақ» бойынша мемлекеттік сатып алу және бұған дейін де өзектілігін жоймаған білім мекемелерінің жылыту қазандықтарының бүгінгі жай-күйі, мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру тәртібі, жазғы сауықтыру, сондай-ақ, алда өтетін «Тамыз кеңесіне» дайындық жұмыстары туралы бірқатар кезек күттірмес мәселелер қозғалды.
Жиын соңында басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы күн тәртібінде қаралған мәселелерді тыңдап, тиісінше жауапты мамандарға тапсырмалар берді.
Еске салсақ, 2021-2022 оқу жылында ҰБТ тапсырған 1467 түлектердің 54% ЖОО-ға гранқа түскен болатын. Бұл әрине ата-аналар мен ұстаздар үшін үлкен қуаныш болған. Жазғы демалыс кезінде «Балауса» лагерінде 6 ауысымда 900 баланың демалуы ұйымдастырылған-ды. «Мектепке жол» акциясында демеушілер есебінен 1500-ге жуық бала киім-кешекпен және мектеп құралдарымен қамтамасыз етілген еді.
Сонымен қатар былтыр өткен тамыз кеңесінде оқу жылының қорытындысы бойынша кәсіби шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген озат педагогтар мен ардагер ұстаздарды марапаттау рәсімі өткен болатын. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланған — ды.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 34 мемлекеттік, 19 жекеменшік мектеп, 110 мектепке дейінгі және 7 қосымша білім беру ұйымдары жұмысын бастаған. 2022-2023 жаңа оқу жылында 6250 оқушы мектеп табалдырығын аттаған болатын.

Previous Post

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясы өтті

Next Post

Шымкент: 58 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана Күрделі жөндеуден өтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі