13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерьлердегі санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда

15 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерьлердегі санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter

22 сауықтыру объектісі маусымдық режимде жұмыс істейді. Түркістан облысында жалпы 23 балаларды сауықтыру нысаны бар. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов айтты. Спикердің сөзінше, Түркістан облысында жалпы 23 балаларды сауықтыру нысаны бар. Оның ішінде мемлекеттік нысандар — 11, жеке нысандар — 12.

Ал Төлеби ауданындағы «Балдәурен» республикалық балалар сауықтыру орталығы жыл бойы қызмет атқарады. Қалған 22 сауықтыру объектісі маусымдық режимде жұмыс істейді. «Балаларды жазғы сауықтыру лагерьлерінің қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрінің бекіткен бұйрық талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы ретте сауықтыру қызметін бастау үшін нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуы керек. Биыл өңірде 11 сауықтыру лагері санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі туралы қорытынды алды. Оның 10-ы өз қызметін бастаған. Ал, Түлкібас ауданындағы «Ерке» және «Машат-Арасан» лагерьлеріне санитариялық қағидалар сақталмауы және зертханалық зерттеу хаттамаларының толық болмауына байланысты дәлелді бас тарту берілген. 5 лагерьге қатысты өтініш тексерілу үстінде. 5 лагерьден СЭҚ алуға өтініш мүлде түспеген», — деді Асқар Бекболатұлы.

Айта кетерлігі, өткен жылы 7 лагерьге ерекше тәртіппен тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, лагерьдегі ойын алаңдары мен арық-атыздардың қоқыстары жиналмағандығы, ауызсу режимі талапқа сай болмауы сынды кемшіліктер анықталған. 7 жеке тұлғаға жалпы суммасы 321 615 теңге, 1 заңды тұлғаға 352 245 теңге айыппұл салынған. Брифинг соңында спикер лагерьлердің сапасына қатысты мерзімі көрсетілмеген бейнежазбалар лагерьді тексеруге негіз бола алмайтындығын ескертті. Ол үшін шағым иесі аудандық басқармаға немесе электрондық үкімет порталы арқылы барлық фактілерді тіркеп, жазбаша арыз қалдыруы тиіс. Бұдан соң департамент тарапынан тиісті органдарға, яғни құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Түркістан облысы бойынша басқармасына тексеру туралы ұсыныс беріледі. Аталған мекеме тексеріс ашуға болатындығы жөнінде рұқсат бергенде ғана тексеріс жүргізіледі.

Previous Post

МАҚТААРАЛ: «АРМЫСЫҢ ЖАРҚЫН ЖАЗ-2023» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Next Post

САРЫАҒАШТА ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі