13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛ: «АРМЫСЫҢ ЖАРҚЫН ЖАЗ-2023» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

15 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛ: «АРМЫСЫҢ ЖАРҚЫН ЖАЗ-2023» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ-нің қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
Салтанатты түрде «Армысың жарқын жаз-2023» тақырыбында жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы болып өтті.

Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсаты: балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бала демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Лагердің ашылу салтанатымен құттықтап, Мақтаарал ауданының әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы және Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Тулапұлы өз лебіздерін білдірді.
Аталмыш жазғы лагерге кезең кезеңімен жалпы ауданымыздың 1400 оқушысы қамтылатын болады.

Қазіргі таңда жазғы сауықтыру лагеріне 200 демалушы балалар қабылданды. Жазғы сауықтыру лагерінде әрбір күн жоспарға сай, ерекше атаумен аталып, соған байланысты түрлі мәдени іс-шаралар, шоу, спорттық-эстафеталық, сауықтыру ойындары ұйымдастырылатын болады.

Айта кетсек, облыстағы жазғы сауықтыру лагерінде қауіпсіздік шаралары қатаң бақылау мақсатында, аудандық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Сауықтыру лагерінде 8 бейнебақылау камералы жұмыс жасайды. Лагер аумағында тәулік бойы 3 қарауыл кезектесіп жұмыс жасайды.

Сайрам ауданындағы «Оқушылар үйі» МКҚК-ның педагогтары, штаттық кестеге сәйкес лагерде 8 ауысымда жұмыс жасайды. Лагерде оқушылардың демалысын қызықты өткізуге бағдарлама жасалынған, сонымен қатар түрлі спорттық жарыстар, байқаулар мен кездесулер, танымдық ойындары жүргізілуде. Лагерде бір мезгілде — 314 баланы қабылданады. Балалардың жасы 7-мен 14 жас аралығы.

Ағымдағы жылға аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және көп балалы ата — ана балалары — 2131 бала, мүмкіндігі шектеулі -69 бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған -61 бала, мектеп интернатынан -151 баланы, ата-аналар төлем ақысынан -100 бала, яғни барлығы 2512 баланы демалдыру жоспарланып отыр. Әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн. 2023 жылдың жазғы маусымындағы демалыс ауысымдарының саны — 8 ауысым.
Бүгінгі таңға «Оқушылар үйі» МКҚК-ның балансындағы қала сыртындағы лагерге 1 ауысымға 314 бала қабылданып, тəрбиешілер, дəрігер, медбике, музыка сүйемелдеушісі, денешынықтыру тәрбиешісі, аспаздар және техникалық қызметкерлер жұмыс жасауда. Балаларға нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, балалар күніне 5 мезгіл тамақтандыру (үш мезгіл ыстық тамақ, 2 мезгіл түскі шәй (полдник) беріледі.
Оқушыларға әр ауысымның демалу мерзімі кесте бойынша жоспарланған.

Previous Post

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ БЕЙНЕБАҚЫЛАУМЕН ЖӘНЕ КӘСІБИ КҮЗЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерьлердегі санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі