13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШТА ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

15 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШТА ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округі, Келес ауылынан 11 жылдық мектеп салынатын болады.

Жеке кәсіпкер Бахтияр Нарбаевтың өз қаражаты есебінен 11 жылдық мектеп салып беру бастамасын қолдап, қуаттап, әкімшілік тарапынан жер мен өзге де құжаттандыру мәселесіне қатысты түйінді мәселелер шешілді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Келес ауылында «№47 С.Көбеев » атындағы шағын жинақты 60 орындық бастауыш мектеп қана бар. Ол жерде 1-4 сынып аралығындағы 105 бала білім алады. Ал 5-11 сынып аралығындағы 95 бала көрші ауылдардағы мектептерге тасымалданып оқиды.
Аудан әкімі, аудандық білім бөлімі және жеке кәсіпкер жаңа мектеп құрылысын бастау үшін меморандумға отырды.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» екендігін жеткізген.
Бұрындары «Жүз мектеп, жүз аурухана» сияқты мемлекеттік бағдарлама жүзеге асқан болса, енді Жайлы мектеп жобасы қолға алынды. Бұл жобаның ерекшелігін аңғармаған адамдарға Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында «Жоба өзінің ауқымы мен өзектілігі жағынан ерекше. Сондай-ақ оған ұқсас ешқандай жоба жоқ екенін атап өткім келеді. Ең бастысы, ол толығымен республикалық бюджеттен қаржыландырылған» деп жазба қалдырған.
Дегенмен биыл 300 және 2500 орындық мектептер салу жоспарда аясында облыс аумағында 2023-2025 жылдар аралығында 86 мектептің құрылысын салу ұсынылды. Сексен алты білім ордасының құрылысы салынған жағдайда облыста 64 300 орынмен оқушы қамтылатын болады. Нәтижесінде екі ауысымда 128 600 оқушының білім алуына жағдай жасалатындығы анық. Биыл облыста төрт апатты мектептің құрылысы басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін 2 апатты мектеп пайдалануға беріледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерьлердегі санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі