13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЛАГЕРДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЛАГЕРДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы уақытта демалысы мен сауықтырылуын дұрыс ұйымдастыра білудің маңызы ерекше. Өйткені балалар жаз кезінде демалады, әрі уақыттарын тиімді өткізеді. Бұл жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын-алу болып табылады.

«Оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорның баланысындағы лагерь аумағы 77209 кв.м2 құрайды, сыртқы аумағына 1240 түп ағаш отырғызылған, ғимараттың жан-жағы коршалған, экологиялық таза аймақта орналасқан. Лагерде 314 орындық 4 жатақхана корпусы бар, əр жатақхана ғимаратында барлық жағдай жасалған, асхана, медициналық пункт, кір жуатын бөлме, жуыну бөлмесі бар. Барлық бөлмелердің қабырғасы кірпіштен салынған, сондықтан жазда олар салқын, құрғақ жəне жайлы болады. Төсек жабдықтары, ыдыс-аяқтар мен тауарлық- материалдық құндылықтар жаңартылған, СЭС талаптарына сəйкес келеді.

Лагерде футбол, волейбол жəне баскетбол алаңдары; жаттығулар кешені; əткеншектер; спорттық жəне мəдени шаралар өткізуге арналған сахна жəне жүзу бассейні бар.
Бүгінгі таңға лагерде әктеу сырлау, ағымдағы жөндеу жұмыстары және лагер аумағын тазалау жұмыстары толық аяқталды. Дезинфекция және дезинцекция, дератизация жұмыстары жүргізіліп, химиялық және бактериялогиялық зерттеу, судың радиобелсенділігің зерттеу жұмыстары тексеріліп, нәтижесі алынды.

Жазғы сауықтыру лагерінде қауіпсіздік шаралары қатаң бақылау мақсатында, аудандық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Сауықтыру лагерінде 8 бейнебақылау камералы жұмыс жасайды. Лагер аумағында тәулік бойы 3 қарауыл кезектесіп жұмыс жасайды.

Сайрам ауданындағы «Оқушылар үйі» МКҚК-ның педагогтары, штаттық кестеге сәйкес лагерде 8 ауысымда жұмыс жасайды. Лагерде оқушылардың демалысын қызықты өткізуге бағдарлама жасалынған, сонымен қатар түрлі спорттық жарыстар, байқаулар мен кездесулер, танымдық ойындары жүргізілуде. Лагерде бір мезгілде — 314 баланы қабылданады. Балалардың жасы 7-мен 14 жас аралығы.

Ағымдағы жылға аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және көп балалы ата — ана балалары — 2131 бала, мүмкіндігі шектеулі -69 бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған -61 бала, мектеп интернатынан -151 баланы, ата-аналар төлем ақысынан -100 бала, яғни барлығы 2512 баланы демалдыру жоспарланып отыр. Әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн. 2023 жылдың жазғы маусымындағы демалыс ауысымдарының саны — 8 ауысым.
Бүгінгі таңға «Оқушылар үйі» МКҚК-ның балансындағы қала сыртындағы лагерге 1 ауысымға 314 бала қабылданып, тəрбиешілер, дəрігер, медбике, музыка сүйемелдеушісі, денешынықтыру тәрбиешісі, аспаздар және техникалық қызметкерлер жұмыс жасауда. Балаларға нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, балалар күніне 5 мезгіл тамақтандыру (үш мезгіл ыстық тамақ, 2 мезгіл түскі шәй (полдник) беріледі.
Оқушыларға әр ауысымның демалу мерзімі кесте бойынша жоспарланған.

Previous Post

Түркістандық бастауыш сынып оқушылары толықтай ыстық тамақпен қамтылады

Next Post

Түркістан облысы: 230 үздік оқушы Қазығұрт ауданының жазғы сауықтыру лагеріне орналасты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі