13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: 230 үздік оқушы Қазығұрт ауданының жазғы сауықтыру лагеріне орналасты

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: 230 үздік оқушы Қазығұрт ауданының жазғы сауықтыру лагеріне орналасты
Share on FacebookShare on Twitter

Облыстық бюджет қаржысы есебінен 1352 оқушы, «Қазақстан халқына» қорының есебінен 230 үздік оқушы Қазығұрт ауданының жазғы сауықтыру лагеріне орналасты.
Қазіргі таңда, облыстық бюджет қаржысы есебінен Төлеби ауданы, Екпінді елді мекеніндегі «Біркөлік шатқалы» балалар сауықтыру лагерінде 1ауысымда 204 оқушы 2023 жылдың 10 маусымынан бастап демалуда.

2023 жылдың 13 маусымы күні оқушылардың жазғы демалыс маусымының ашылу салтанатты рәсімі өткізілді. Мерекелік шараға аудан әкімінің аппарат басшысы Тұрғынбеков Рашид Елтайұлы мен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Егізек Әлия Алекбарқызы қатысты.

Айта кетсек, Түркістан облысында балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастаған.Солардың бірі — Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерьдің 250 балаға демалыс орны қарастырылған. Қазіргі таңда онда 250 бала болса, олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады. Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады.

Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты.

Биыл жазғы лагерьлерде жалпы 2 000 баланы қамту жоспарланған. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына тегін жолдама ұйымдастырылған. Балалар күнделікті 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 10 күндік демалыс кестесіне сәйкес жоспар бекітіліп, балалардың уақытын тиімді өткізу басқарма тарапынан бақылауға алынған.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЛАГЕРДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі