13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық бастауыш сынып оқушылары толықтай ыстық тамақпен қамтылады

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістандық бастауыш сынып оқушылары толықтай ыстық тамақпен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Бастауыш сыныпта 200 мыңнан астам бала білім алады деп жоспарланып отыр. Түркістан облысында биыл бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз. Жаңа оқу жылында облыс мектептеріндегі бастауыш сыныпта 200 мыңнан астам бала білім алады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда өңірде әлеуметтік осал топтағы отбасылардағы 31 577 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қалған 1-4 сыныптағы оқушылар тегін тамақпен қамту үшін облыстық мәслихаттың сессиясына ұсыныс жасалған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қолдауымен аталған мәселе бүгінде оң шешімін тауып отыр. Алдағы уақытта облыстық бюджет есебінен 6 млрд. 287,7 млн. теңге қаржы бөлініп, өңірдегі бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылатын болды. Бұл жаңалық ата-аналарды да, балаларды да қуантатыны анық. Себебі бұған дейін тегін ыстық тамақ оқушыларға тек әлеуметтік жағдайына қарай беріліп келген. Айта кетерлігі, оқушыларды ыстық тамақпен қамту осы жылдың соңына дейін қарастырылған. 2024 жылы қосымша қаржы бөлуге Адами әлеуетті дамыту басқармасы ұсыныс жасайды.

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар легерлерінің жай-күйі, білім саласындағы өзекті мәселелерге қатысты өткір сұрақтар қойылды. Өңір басшысы білім саласын қолдау басты назарда тұрғанын мәлімдеді.
Биыл 41 597 балаға қала сыртындағы лагерлер, 153 000 балаға мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылды. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін демалады.Қазір 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалуда. Сонымен қатар «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.

Облыста 7 мемлекеттік және 10 жекеменшік лагерь бар. Демалыс лагерлерінде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынған. Кәсіпкерлерге тиісті талаптар қойылған.
Әлеуметтік желіде кейбір ата-аналар жазғы сауықтыру лагері жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізіп, ата-аналарға ұл-қыздарын алып қайту жөнінде жариялаған. Осыған байланысты ата-аналар арасында түсініспеушілік туындаған.

Previous Post

САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЛАГЕРДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі