13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдың Тараз қаласында «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар» Республикалық жарысының қорытынды кезеңі ұйымдастырылып өткізілді. Республикалық жарысқа Сарыағаш ауданынан 2 оқушы қатысты. Сайыс нәтижесінде: №73 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Әбдірахман Алихан Ғалымжанұлы «Радиомен басқарылатын көлік модельдері «1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі жеңімпаз атанды. Оқушы жетекшісі: Жуматасова Меруерт Курсанбекқызы.

Ал №66 Толыбай батыр атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Бекболат Дулат Бауыржанұлы «Радиомен басқарылатын көлік модельдері «1:10 масштабта багги жарысы, Багги – 10Э класы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осылайша аудандағы екі оқушы сайыста жеңімпаз атанды. Жетекшісі: Куванишбеков Бахтияр Жақсыбекұлы. Айта кетсек, еліміздің барлық аймақтарынан келген 180 оқушы әуе, зымыран, авто, кеме модельдеу бойынша сынға түскен. Жас өнертапқыштардың командалық жарыстары қала мен облыстың бірнеше нысанында бір уақытта өткізілген болатын.

Ал 2 күндік жарыс қосымша білім беру педагогтері үшін тәжірибе алмасуға, жас конструкторлар мен инженерлерге шығармашылық әлеуетін іске асырып, ғылыми-техникалық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берген еді.

Бұл жас өнертапқыштар мен техниктерге өздерін жүзеге асыруға,идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еліміздегі ірі шығармашылық және интеллектуалды шара. Техникалық шығармашылық – әрқашан ойдың ұшқырлығы мен шеберліктің көрінісі. Бұл – болашаққа жасалған қадам, — деген еді республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Previous Post

Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Next Post

Түркістандық бастауыш сынып оқушылары толықтай ыстық тамақпен қамтылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі