13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

13 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған түсіндірме жұмыстарының мақсаты — төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және улы газдан улану қаупі салдарының алдын алу. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Шәріп Асқар Рысбекұлы және аудан волонтерларының қатысуымен Жұлдыз елді мекенінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған түсіндірме жұмыстарының мақсаты — төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және улы газдан улану қаупі салдарының алдын алу. Іс-шара барысында азаматтық қорғау аға лейтенанты, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, көп қабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігі мен улы газдың алдын алу кезеңдері бойынша ақпараттармен бөлісіп, төтенше жағдай кезінде қалай қорғану қажеттігін түсіндірді. Айта кетейік, өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің бірлескен жоспары негізінде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп бекітілді.

Сонымен қатар, жоспарлы іс – шараларды өткізу шеңберінде биылғы жылдың 7 сәуірінде қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында маңызды сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда, ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде. Табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында 405 адамды құрайтын 42 ерікті өртке қарсы топтар құрылып, дала өрттерін сөндіруге арналған арнайы қол құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.

Сондай-ақ, күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бүгінге дейін 158 үгіттеу шарасы жүргізіліп, оның ішінде радиода 83 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 30 мақала, теледидарда 23 сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерде 22 сөз сөйлеу мен 42 рейдтік іс-шара жүргізілді.

Previous Post

Шымкентте шомылуға тыйым салынған орындар бойынша рейд өткізілді

Next Post

САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі