Облыс бойынша 81 919 педагог бар. Педагогтердің «педагог-шебер»-877, «педагог-зерттеуші»-13822, «педагог-сарапшы»-15904, «педагог-модератор»-12399, «педагог-модератор» 18878 педагогтер жұмыс істейді. ҰБТ облыста 5 аудан, қала орталығында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында компьютерлік форматта өткізіледі. Тестілеу 2 лекте, тестілеу орталықтарында 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған.
2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты 29491 түлек бітірді, оның 1416 оқушысы (5%) «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер. Ал, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 2355. Түркістан облысында өткен оқу жылында жалпы жазғы сауықтырумен 206 269 балақамтылған. Оның ішінде, қала сыртындағы лагерлер – 57 710 балаға, мектеп жанындағы лагерлер – 148 559 балаға ұйымдастырылған. Бұл 40%-ды құрайды. Биылғы 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетеді деп жоспарланған.
Түркістан облысы білім басқармасы жазғы сауықтыру лагерлерінің санын арттыру мақсатында табиғаты тамаша жерде орналасқан білім беру мекемелерінде биылғы жылы мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастыру жоспарлануда. Нәтижесінде 10-нан аса білім мекемесінің жанында балаларға арналған лагерь кұрылмақ.
Облыста балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға қатысты төмендегі жұмыстар қолға алынуда:
– Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан мемлекет теңгеріміндегі «Самал» және «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінің базасын нығайтып, қосымша құрылыс жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде бір ауысымда 800 қосымша орын ашу мүмкіндігі бар;
– Бәйдібек ауданда орналасқан «Тау Шыңы» демалыс аймағы жазғы сауықтыру лагері ретінде қайта ашу қарастырылды. Нәтижесінде қосымша 150 орындық 1 жаңа лагер ашылады;
– Ордабасы ауданында орналасқан «Орленок» жазғы сауықтыру лагерінің қайта ашу қарастырылуда. Нәтижесінде қосымша 150 орындық 1 жаңа лагерь ашылады;
– Төлеби ауданы, Киелітас ауылында орналасқан аудандық «Оқушылар Үйінің» теңгеріміндегі жалпы аумағы 9 гектарды құрайтын лагерь осы уақытқа дейін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің уақытша теңгерімінде болған. Қазіргі таңда лагерь облыс меншігіне қайтарылып, бюджеттен қаржы бөліп, ағымдағы жөндеу жұмысынан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде қосымша 150 орындық 1 жаңа лагерь ашылады;
– Түлкібас ауданы Жабағылы ауылынан 6 гектар және Абайлы ауылынан 12 гектар жер телімін жыл бойы жұмыс жүргізетін сауықтыру лагерін салу ұсынылуда. Аталған жобаны мемлекеттік-жекешілік әріптестігі шеңберінде іске асыру қарастырылуда;
– Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы Басқарма теңгеріміндегі «Робинзон» лагерінің бос тұрған 4,35 гектар жер теліміне жаңа лагер құрылысын жүргізу ұсынылды.
Түркістан облысындағы 36 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының жазғы демалыс уақытындағы «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан, қалаларға жолданды, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Балалардың уақытын тиімді өткізу мен түрлі үйірмелерге тарту мақсатында Түркістан облысында 4 оқушылар сарайы мен 4 оқушылар үйі жаз бойы үздіксіз қызмет етеді. 80-ге жуық үйірмеге бала өзінің қабілеті мен қарымына байланысты кез келген үйірмеге қатыса алады. Түркістан облысында оқушылар үйінде «Театр және балалар» жобасымен 31 театр үйірмесі қазақ тілінде жұмыс жасайды. Қатысатын – 102 оқушы. Үйірмелер тегін. Облыста «Жас актер», «Театр әлемі», «Өнер әлемі» үйірмесінен облыс үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірме оқушылары қала, облыс, республика көлемінде жеңімпаздар.
Облысымызда 2022-2023 оқу жылы барысында 52 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 35 100 білім алушылар білім алуда. Колледждер WorldSkills халықаралық қозғалысына қатысып, 2022 жылғы ұлттық чемпионатта облыс құрамасы 28 құзыреттілік бойынша 19 медальге ие болды. Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік «ТОП 100 студент» ұлттық байқауында өңірден жеңімпаз 5 колледж студенттері қатысып, министрдің алғыс хатымен марапатталды. Екі жылда мемлекеттік тапсырыс көлемі 2,5 есе үлкейіп отыр. 2022 жылы – 11 110 мемлекеттік тапсырыс орын бөлінген. 2023 жылы – 15 300 орын жоспарланып отыр.
Биыл алғаш рет республикалық «Жұмыс берушілер күні» атты ашық есік күні іс-шарасы аталып өтілді. Аталған іс-шараға 52 колледжден 445 әлеуметтік серіктестер мен жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдері қатысып, нәтижесінде түлектерді жұмысқа орналасу туралы меморандумға қол қойылды.