Жыл басынан бері халықаралық-республикалық білім додасында бағын сынаған облыстың дарынды балалары жүлдесіз оралмады. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиада көрсеткіш 30%-ға өсті.Түркістан командасы алғашқы бестікке енді.
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVI республикалық математикалық олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңі, Алматы қаласы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.
Олимпиадаға жалпы республика бойынша 2-4 сынып оқушыларынан 150-ге жуық, Түркістан облысы бойынша 2-4 сыныптардан 6 оқушы қатысқан болатын.
Олимпиаданың республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді:
1 тур – «Әу, баста!» (командалық есеп)
2 тур — «Көкпар» (командалық есеп)
3 тур – «Математикалық бәйге» (жазбаша, ауызша жеке есеп)
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
ІІІ орын — Командалық есеп (орыс тобы)
ІІІ орын — Қайназар Құрманай – 4 сынып (қазақ тобы), Бәйдібек ауданы, Қайнар жалпы орта мектебі,
ІІІ орын Ерланов Бибарыс — 4 сынып (орыс тобы), Жетісай ауданы, М.Горкий атындағы №1 мектеп-гимназия,
Мақтау қағазы — Әбен Ясина – 2 сынып (қазақ тобы), Бәйдібек ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі,
Жеңімпаз оқушыларымыз бен математика пәні бойынша дайындаған жетекшілерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
ЕКІ ОҚУШЫ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Төлеби аудандық оқушылар үйінің тәрбиеленушілері кеме үлгілерін жасау бойынша оқушылар арасында Тараз қаласында өткен республикалық чемпионаттың жүлдегері атанды. Солардың бірі – Нұрислам Назарбек! Ол аталмыш чемпионатта ІІ және ІІІ орыннан көрінді.
Сонымен қатар, бұл чемпионатта төлебилік Ақнұр Әмірхан да ІІ орынға қол жеткізіп, диплом және медальмен марапатталды.
Жүлдегер оқушылар республикалық чемпионатқа аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Назарбек Кебекбаевтың жетекшілік етуімен қатысты.
Түркістан облысында бүгінде 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымдары қызмет етуде. Ондағы оқушы саны – 515 079. Анығында, 138 бастауыш, 69 негізгі, 791 орта білім беру ұйымдары бар. 32 мектеп-гимназиясы, 26 мектеп-лицейі, 11 мамандандырылған мектеп-интернаттары, 2 Білім-инновация лицей-интернаттары және 8 IT мектеп жұмыс істейді.
Биылғы оқу жылындағы Түркістан облысы оқушыларының жетістіктеріне тоқтала кетсем, елеулі нәтижеге қол жеткізгеніміз байқалады. Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда: Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобаларыконкурсы нәтижелері 37%-ға өсті. Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы нәтижелері 12%-ға, республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиадасыкөрсеткіш: 4%-ға өсті. Ал республикалық жаратылыстану–математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші 27%-ға ұлғайды.