13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасы нәтижесін беруде

13 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасы нәтижесін беруде
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл оқу жылы Жаңа жобалармен де ерекшеленді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Қ.Тоқаев мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда халықтың кітап оқу дағдысын қалыптастыруды мектептерден бастап қолға алуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту» жөніндегі Жол картасы әзірленді. Осы ретте «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасын атап өтуге болады.

Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысының білім саласы оқушылар мен мұғалімдерді кітап оқуға ынталандыратын инновациялық KitapХАН@ облыстық жобасы тұрақты жүргізіп келеді. Яғни, KitapХАН@ жобасы – оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыратын механизмінжасап шықты. Жобаға қатысушы мұғалімдер мен оқушылардың үлесі артып отыр.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша 55 мектепте демеушілердің көмегімен «Коворкинг» орталығы ашылды. Көркем әдебиетке 378 млн 717 370т бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Білім саласының тағы бір қыры – ол оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына бағыт беру. Демек, елдің болашағы адам капиталын кәсіби тұрғыдан дұрыс қалыптастыра білу. Осы мақсатта Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығы» «Халықаралық бағдарламалар орталығымен» меморандум құрып, облыстың мектеп түлектеріне ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің менторлық жұмысын «Өскенде кім боласың?!»профориентациялық жобасы аясында жүйелі жүргізіп отыр. Жобаға бейіндік істер жөніндегі орынбасар, 20 мыңнан астам 9-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналары да қатысады. Сонымен қатар, облыс бойынша 180 мектебі жоқ елді-мекендерден 15 мыңнан астам бала тасымалданады.

Өткен оқу жылында оқушыларды қауіпсіз тасымалдау мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында облыс мектептері 101 (71 – 20 орындық, 30 – 38 орындық) жаңа заманауи автобустармен толықты.

Өткен оқу жылында облыстағы 2 балалар ауылынан 8 бала қамқоршылық пен қорғаншылыққа, 3 бала – патронаттық тәрбиеге беріліп, балаларды отбасыларға орналастыру арқылы балалар ауылдарындағы бала саны жылдан жылға азаюда.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЛАГЕРЬ ОҚУШЫЛАРЫ ТҮРКІБАСЫ ӘУЛИЕСІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

Next Post

Түркістан облысы: Білім саласында оң нәтиже көп

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі