13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЛАГЕРЬ ОҚУШЫЛАРЫ ТҮРКІБАСЫ ӘУЛИЕСІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

13 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЛАГЕРЬ ОҚУШЫЛАРЫ ТҮРКІБАСЫ ӘУЛИЕСІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Туған жер –әр адам баласының шыр етіп дүниеге келген жері. Сол себепті туған өлкемізге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпен қарау – шынайы патриотизмнің белгісі.

Түлкібас аудандық бөліміне қарасты Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебінің жанынан құрылған «Таң нұры» жазғы демалыс лагерінің оқушыларымен «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 9 маусым күні Азаттық ауылындағы Түркібасы әулиесіне саяхат жасалды.

Мақсат — оқушылардың өн бойына туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу. Саяхат барысында оқушылар қасиетті әулие тарихымен танысып қайтты. Осындай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Айта кетсек, Түркістан облысында балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастаған.Солардың бірі — Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерьдің 250 балаға демалыс орны қарастырылған. Қазіргі таңда онда 250 бала болса, олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады. Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады.
Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

Next Post

Түркістан облысы: «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасы нәтижесін беруде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі