Түркістан облысы білім басқармасының мамандары Шардара ауданының оқушылары орналасқан жазғы-сауықтыру лагеріне арнайы комиссия тобын құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Әлеуметтік уатсап желісінде 1-2 ата-ананың жазғы-сауықтыру лагері жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізіп, ата-аналарға ұл-қыздарын алып қайту жөнінде жариялаған жазбасына сәйкес ата-аналар арасында түсініспеушілік туындаған. Сондай-ақ, 1-2 ата-ана тарапынан білім бөлімінен “Лагердің орнына қаржылай түрде беріңіздер!” деген талап болған. Заң аясында балаларды жазғы сауықтыру лагерімен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат, ақшалай берілмейді. Бұл балалардың жазғы демалысқа барып, уақытты тиімді өткізуді көздейтін бастама.
Әлеуметтік желіде жарияланған балаларды ұрып-соғу, ашыған сүт беру, екінші қабаттан құлады деген ақпараттар дәлелін таппады.
Алайда жоғарыда көрсетілген 1-2 ата-ананың әлеуметтік уатсап желісінде жариялаған жазбасынан соң ата-аналар өз жеке көліктерімен келіп, балаларын алып кететіндігі жөнінде айтылған. 190 бала үйлеріне қайтуға үзілді-кесілді қарсы болған. Қалған балаларды ата-аналарынан тілхат алып, үйлеріне қайтты.
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан қатаң бақылауда екендігін хабарлаймыз.
Мұнда негізінен көп балалы, жартылай жетім және аз қамтылған отбасылардың балалары. Лагерде демалушы оқушылар 7 топқа бөлінген, әр топтың өз жетекшілері мен тәрбиешілері бар. 5 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген, әрі медициналық пункт те жұмыс істейді. Тәрбиешілер тарапынан жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп отырған.
Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты.
Биыл жазғы лагерьлерде жалпы 2 000 баланы қамту жоспарланған. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына тегін жолдама ұйымдастырылған. Балалар күнделікті 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 10 күндік демалыс кестесіне сәйкес жоспар бекітіліп, балалардың уақытын тиімді өткізу басқарма тарапынан бақылауға алынған.