13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

10 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

С.Рахымов атындағы ЖОМ базасында Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларды мектеп киім-кешегімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тапсырмаларының орындалуы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторымен Түркістан облысындағы тексерістің қорытындысына сәйкес, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтарына семинар-кеңес өтті.

Семинарда Мақтаарал аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Бердіхан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерінің санаттары бойынша түсіндіру мақсатында баяндама оқыды.

Сонымен қатар әлеумтеттік педагогика ғылымының елімізде әлі қарыштап дами қоймаған шағында бүгінгі таңда білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізу барысында түрлі кедергілерге ұшырап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелеріне республикалық трансферттен әлеуметтік педагогтардың штаттық бірліктері 2005 жылдан бері бөлінген. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 602 әлеуметтік педагогтар еңбек етуде. Әлеуметтік педагогтардың жоғары педагогикалық білімі болғанымен, басым бөлігінің арнайы әлеуметтік – педагогикалық білімі жоқ.

Бұл жағдай-республикамыздың барлық облыстарындағы жағдайға ұқсас. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік педагогтарды дайындайтын орта арнаулы, жоғары оқу орындары жетіспейді. Кедергілердің бірі әлеуметтік педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелік құралдырдың жетіспеушілігі . Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың проблемасын зерттеу нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралда әлеуметтік — педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін сыныптың, оқушының әлеуметтік паспорты, оқушының әлеуметтік псапорты, оқушының отбасына мінездеме, әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы, т.б. үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготың педагог психолгпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына мән берілген.

Семинарға облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Г.Алимбекова қатысып, әлеуметтік осал отбасы балаларының 2023 жылы материалдық көмек көрсету барысындағы білім беру ұйымдарының басшылары мен әлеуметтік педагогтарының іс-қимыл әрекеттерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ ТАРАПЫНАН "БАЛДӘУРЕН " РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ -САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

САРЫАҒАШ: СЕМИНАР - КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі