13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: СЕМИНАР — КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

10 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: СЕМИНАР — КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының әдіскері Алимбекова Гүлжан Алимжановна Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Бектөре Полатов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтер қатысты.

Аталған іс-шараның басты мақсаты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында айқындалған әлеуметтік осал отбасы балаларының 2023 жылы материалдық көмек көрсету барысындағы білім беру ұйымдары басшылармен әлеуметтік педагогтердің іс-қимыл әрекеттерін түсіндіру.
Сонымен қатар, жиын барысында 2023-2024 оқу жылында жергілікті бюджеттен 1-4 сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ берілетіні жөнінде айтылды. Және де ыстық тамақпен қамту, киім-кешек пен мектепке қажет заттарға қаржы беру мәселесіне қатысты жұмыс жүргізу реті мен заңдылықтары түсіндірілді.Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты,өте жауапкершіл педагог — мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезең аса маңызды рөл атқарады. Балалардың өмір бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті,мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттарына байланысты болған білім саласындағы түбірлі өзгерістер қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Педагогтың жұмысына қажет маңызды шарттардың бірі — өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап бере алатын, дербес білімді маман болуы керек.
Қатысушылар әлеуметтік сала бойынша маңызды сұрақтар қойып, мамандар тарапынан толық жауап алды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Қызылсай тұрғын алабы​на жол салынып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі