13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫ: ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кеше, Б.Оңтаев жалпы орта мектебінде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты ұлттық ақпараттық науқанын түсіндіру бойынша аудандық оқыту семинары өткізілді.

1–12 маусым аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні шеңберінде өткізіледі.

Ақпараттық науқан балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселесіне, оның ауқымы мен сипатына, бала мен қоғамға тигізетін зардаптарына қоғам назарын аудартуды көздейді. Сондай-ақ аталған мәселе жайлы, осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негізінде жұртшылықты көбірек ақпараттандыруға бағытталған.

Науқан күндері әдістемелік, нормативтік-құқықтық әдебиеттер көрмелер, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты рейдтік іс-шаралар, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс беруші кәмелетке толмаған азаматты жалдаумен еңбек шартын жасаспаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жауапкершілік көзделген.

Балаларды денсаулығына қауіп төндіруі, білім алуына кедергі келтіруі және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдау, тартуға тыйым салынады.

Семинарға Түркістан облысы білім басқармасының кәмелетке толмағандарды әлеуеттендіру бөлімінің бас маманы Е.Бекжанов, мектеп басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтер қатысты.

Семинар мақсаты: білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің көмек алу түрінің маңыздылығын атап өту, балалардың еңбегін қанауға жол жоқ екендігін түсіндіру.

Семинар барысында: білім беру ұйымдарының мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу туралы, сонымен қатар бала еңбегін қанауға жол жоқ екендігі, бала еңбегінің себептері болып табылатын проблемалар, Еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтар мен ғана жасауға рұқсат етілетіндігі туралы жан-жақты мәселелер қозғалды.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: 63 БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЛАГЕРЬ ЖӘНЕ 4 АУЛА ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Next Post

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі