13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы барлық білім беру мекемелерінде жалпы орта білім берудің негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсын меңгерген 9 сыныптардың (1099 оқушы оның ішінде «Үздік аттестатқа үміткер» 91 оқушы) білім алушылары үшін орыс тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттау басталды.

Мектеп директорлары емтихан пакетін ашып, оқушыларға қорытынды аттестаттауды жақсы тапсырып шығуына сәттілік тіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.

Айта кетсек, әрбір мектептің салтанатты шараны, соңғы қоңырау өткізу туралы шешімдерді дербес қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрлерін қолдайтынын жеткізді. Дегенмен, вице-министр министрліктің нормативтік құжаттарында бұған дейін де, қазір де мұндай іс-шара қарастырылмағанын атап өтті. Соңғы қоңыраулар өткізілген жағдайда, министрлік бұл іс-шараны 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынып отыр.
«Тағы бір айта кететін мәселе, 9-11 сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. 9 сынып бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында тапсырады. Ал 11 сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында өтеді. Аттестаттарды тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өткізіледі, бұл іс-шараларды министрлік 20, 21, 22 маусым күндері өткізуді ұсынып отыр», — деді Ш. Каринова.

Сондай-ақ ол сынып сағаттарын өткізу кезінде, салтанатты түрде атестаттарды тапсыру кезінде, салтанатты шаралар өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайластық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге немесе аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті. Педагогтерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасау бойынша ата-аналардан қаражат жинауға да министрлік тарапынан қатаң түрде тыйым салынады.

«Колледждерде қорытынды аттестаттау биыл 28 маусымға дейін созылады. Оларды биыл 144 мыңнан аса түлек аяқтайды. Колледж түлектерінің дипломдарын салтанатты түрде тапсыру рәсімдерін 28 маусым – 1 шілде аралығында өткізу ұсынылады», – деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі.

Previous Post

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30%-ҒА ӨСЕДІ

Next Post

ТӨЛЕБИ: 63 БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЛАГЕРЬ ЖӘНЕ 4 АУЛА ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі