13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30%-ҒА ӨСЕДІ

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30%-ҒА ӨСЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25% — ға өсті. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30% — ға өседі. Осылай, еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады.

«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында жүзеге асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже берді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды», — дейді департамент директоры Наталья Жұмаділдаева.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты мен мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүзеге асырылады. Колледждер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдармен бірге «Педагог» кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартады.

Педколледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралып, биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Бүгінде Түркістан қаласында 110 балабақша бар. Оның 87-сі жекеменшік балабақшалар, 18-і мемлекеттік балабақша болса, 2 санаторлық, 1 мектеп балабақша, 2 мектеп жанынан ашылған шағын орталық бар. Мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру мәселесі Түркістан бойынша ең төменгі мөлшері 50065 теңгені құрайды екен. Қазірде түркістандық балабақшаларда 15235 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік балабақшаларда – 4077, шағын орталықта – 239, жеке балабақшаларда – 10919 бала білім алып, тәрбиеленуде. Ал, жекеменшік және мемлекеттік балабақшаларда 2888 мың адам тұрғылықты жұмыспен қамтылған. Олардың 835-і тәрбиеші мамандығы, 1246-сы педагогтардан тұрады. «Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік»- деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, жас ұрпақты болашақта ата-анасының мақтанышы, адамгершілігі мол азамат етіп өсіру жолында Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің МКҚК «Балдырған» бөбекжай- балабақшасы өз жұмысын атқарып келеді.

Previous Post

ЗИЯТКЕР ҰЛТ ТӘРБИЕЛЕУ — МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Next Post

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі