Мақтаарал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Өнерге қанат қаққандар» тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсат — оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға қызығушылықты арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту.
Сондай-ақ сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, еліміздің жарқын болашағы үшін оқушылардың қабілетінің артуына жол ашу.
Іс-шара барысында Халықаралық, Республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысқан үздік, өнерлі оқушыларды Мақтаарал ауданы «Аманат» партиясы төрағасының орынбасары М.Сәрсенов, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі У.Исламова, аудандық кәсіподақ комитетінің бас маманы Е.Жанисов ұстаздар мен оқушыларды марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Айта кетсек, Түркістан облысқа айналғалы бері жаңашылдыққа бет бұрды. Қала аумағында көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, жемісті жұмыс атқарылып келеді. Солардың бірі – бірнеше жылдың ішінде ЮНЕСКО клубтарының қатарына еніп үлгерген «Оқушылар сарайы».
Бүгінде орталықта 6 бағыт бойынша 60-қа жуық үйірме түрі жұмысын жалғастыруда. Айта кетсек, 1200-ден астам 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер мен ересектер қосымша білім алуда. Нақтырақ, мұнда барлық пәндер мен бірнеше шет тілі, IT-технология, спорт, зергерлік өнер, ағаш шебері, дәстүрлі ән және аспаптар бойынша және т.б. үйірмелер бар. Көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары үйірменің 60 түріне тегін қатысуға мүмкіндіктер қарастырылған. Өткен жылы «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубы мен бірнеше мекеме арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылған. Ол келісімдер нәтижесіз де емес. Мәселен, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, М.Әуезов атындағы ОҚУ және Тұран-Астана университетімен өзара ынтымақтастық аясында былтыр «өнерлі жас», «бармақтар», «өлкетану», «хореография», «жас Дарын», «мәдени-тынығу жұмысы», «бейнелеу өнері», «сән, интерьер дизайны» және «өнеркәсіптік дизайн», «дизайн», «сәндік өнер» және «этнодизайн» бағыттары бойынша Республикалық «JAS TALANT» онлайн конкурсы өткізілген. Оған еліміздегі білім беру мекемелерінің бітіруші оқушылары мен бітіруші колледж студенттері қатысып, 4 Жоғарғы оқу орны бөлген 30 грантты сарапқа салған. Республикалық деңгейде өткізілген бұл жобаға қатысу бойынша 70-ке жуық өтініш түсіп, додаға түскен үміткерлердің 21-і грант иегері атанған.