13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: БАЛАБАҚШАДА ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: БАЛАБАҚШАДА ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданы, №8 «Балапан» балабақшасында ата-аналарды балабақша өміріне араластыру, балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Әкем, анам және мен, Біз спорттық әулеттен» атты мерекелік отбасылық спорттық сайыс өтті.

Сайысқа 4 отбасылық топ қатысып, өзара бақ сынады. Аталған іс-шараның ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, балабақша директоры Құралай Тілешова т.б. бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Осылайша өңірдің білім ұяларында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – ана мен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату, оқушыларды және ата — аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру мақсатыда орындалып келеді. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата — ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.

Сайысқа қатысушылар 10 кезең бойынша сынға түсіп, шеберліктерін шыңдады. Бірінші кезеңде өздерін таныстырса, одан кейінгісі: «Шашылған стакандарды жинау», «Мергендер», «Арқан тартыс», «Тау көтерген Толағай», «Секірмек», «Кім шапшаң?», «Түрлі-түсті шарлар сайысы», «Кішкентай волейболшылар», соңғы кезең «Жұлдызқұрттар сайысы» деп аталды.

Бұл сайысқа қатысқан балалар да, ата-аналар да ойынға белсене қатысып, мерекенің көрігін қыздырды. Сайыс соныңда жеңімпаздарды арнайы «Алғыс хат», Дипломдармен марапаттады. Демеушілер тарапынан бүлдіршіндерге тәтті сусындар және балмұздақтар тарту етілді.
Сайыс жоғары деңгеде қызықты әрі тартысты өтті.

Previous Post

Next Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі