13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік студент механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғы жасады

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік студент механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғы жасады
Share on FacebookShare on Twitter

Құрылғыны күнделікті тұрмыстық қажеттілікте қолдануға болады. Шымкент қаласындағы жол-көлік колледжінің студенті Лейман Станислав механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы жасады. Бұл ғылыми жоба Павлодар қаласындағы «ХХІІІ Сәтпаев оқуларында» үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын тудырған. Құрылғыны жасаудағы басты мақсат механикалық энергияны электр энергиясына айналдыра отырып, күнделікті тұрмыстық қажеттілікте қолдануға болады. Мәселе, электр энергиясына, яғни арнайы ток көздеріне қол жетімсіз жағдайларда, табиғат аясына демалуға және ұзақ жолды сапарларға шыққанда байланыссыз, жарықсыз қалған уақытта жарық көзі ретінде пайдалана аласыз.

Кез-келген орында көліктің электр қораптарын, аккумулятор және ұялы телефонды қуаттап алатын болғандықтан, бұл құрылғыны қол генераторы деп атаса да болады. Әлемде тұрмыстық техникалардың көптеп дамуына байланысты электр энергиясының тапшылығына дабыл қағылуда. Станислав осы ғылыми жобасы арқылы еліміздің экологиясын қорғауға, электр энергиясын үнемдеуге өз үлесін қосады деп білеміз. Республикалық және халықаралық екі ғылыми-практикалық конференцияда жобаны сәтті қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталған жас ізденушіге физика пәнінің оқытушысы, ұстазы Гүлжан Ағабекқызы жетекшілік еткен. Айта кетейік, Шымкент қаласы № 89 ІТ мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Шұғыла Сапарбек «Ақылды үй» жобасын көпшілік назарына ұсынды.

Шымкенттік оқушының бұл жұмысы 600-ге жуық қатысушының ішінен үздік деп танылып, бас жүлде иегері атанды. Жалпы ақылды үйдің ішінде су, өрт және газ датчигі орналасқан. Су датчигі су шыққан жағдайда бірден zummer датчигі арқылы сигнал беріледі және Bluetooth желісі арқылы үй иесіне SMS хабарлама жібереді. Өрт датчигі мен газ дәл солай, үйде өрт және газ шыққан жағдайда бірден оны сезіп, zummer датчигі арқылы сигнализация орнайды және үй иесіне Bluetooth желісі арқылы телефон құрылғысына смс хабарлама келеді.

Previous Post

Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды

Next Post

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі