13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орындықтарда қазақтың ақиық ақын, жазушыларының шығармалары, сондай-ақ әлемдік бестселлер кітаптарының мұқабасы суреттелген. Шымкент көшелерінде электронды кітаптар бейнеленген ерекше орындықтар пайда болды. Бұл қызықты, әрі креативті жобаны қолға алған Шымкент қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі. Аталған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана филиалының ауласында электронды кітаптар сөресі бейнеленген орындықтар қойылды. Бұл орындықтарда қазақтың ақиық ақын, жазушыларының шығармалары, сондай-ақ әлемдік бестселлер кітаптарының мұқабасы суреттелген. Бір қызығы әр орындыққа ерекше атау беріліпті. Мәселен, “Оқы. Таны. Талқыла” атты орындыққа Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», «Өліара», «Оң қол», «Ақиқат» атты көркем дүниелері қойылса, «Мәдениеттің мәйегі – кітап» орындығына жазушы Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан», Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар, М.Әбдәкімұлының «Сүлеймен қарақшы», С.Көбеевтің » Қалың мал» романдарын QR код арқылы электронды нұсқасын смарт телефон арқылы оқи аласыз.

Жалпы «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 кітапхана мемлекеттік бюджетке қарайды. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 1 – Абай атындағы қалалық орталық кітапхана, 23 – кітапхана бөлімшелері оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың «Алтын қорға үлес қос» жобасы аясында биылғы мектеп бітіруші түлектер кітапхана қорын ұлғайтуға атсалысып, өскелең жас ұрпаққа және жалпы қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандары үшін сұраныстағы әдебиеттерді сыйға тартты.

Бұл бастаманы кітапхана қызметкерлері мектеп басшылығына ұсыныс білдіру арқылы жүзеге асырды. Бітіруші түлектер де қуана қолдап, кітапхана қорын ұлғайтуға кірісіп кетті. Ұйымдастырылған жобаға Шымкент қаласындағы № 59, 115, 53, 42, 47, 120, 26 – шы және Арыс қаласы С.Адамбеков мектебінің бітіруші түлектері қатысып, жалпы саны 73 дана кітап кітапхана сөресінен орын тапты.

Previous Post

Шымкентте жылу беру маусымына дайындық жүргізіліп жатыр

Next Post

Шымкенттік студент механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғы жасады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі