13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жылу беру маусымына дайындық жүргізіліп жатыр

9 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жылу беру маусымына дайындық жүргізіліп жатыр
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.​Шымкент қаласында қысқы жылу маусымында тұтынушыларға үздіксіз сапалы жылу мен ыстық суды қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

“Қыс мезгілінде қазандықтарда және жылу желілерінде күтпеген апаттық жағдайлар орын алмас үшін ыстық суды жаз айында уақытша тоқтатуға тура келеді. Сондықтан әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне және ыстық су жүйесіне сервистік қызмет көрсететін мекемелер ішкі жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілетін болады”, — делінген әкімдік таратқан ақпаратта. Қазір «Қуатжылуорталық-3» МКК қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 км құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде. Кесте бойынша жұмыстары толық аяқталған нысандар:

1. Толстой көшесі «Эмир» дәмханасы дейін;

2. Толстой көшесі Сасбұқаев көшесіне дейінгі;

3. Нұрсат шағынауданы №38,39,74 а үйлері;

4. Нұрсат шағынауданы №12,75 үйлері;

5. Күншығыс шағынауданы 4-5 кезек;

6. Пазылбеков көшесі 4,5,6,7 ТК-26;

7. Тауке-хан №29,31, Қонаев көшесі №7; Жалпы: 1927 метр

Жұмыстар жүріп жатқан нысандар:

1. Асқаров ТК-3 Мангельдин көшесіне дейін -16,4% -орындалды;

2. ПНС-5тен Шаяхметов көшесі — 40% -орындалды;

3. ТК-16 Адырбеков -Алдияров к-сі ТК-19 дейін — 52% -орындалды; Жалпы: 1787м/560м

Дайындық жұмыстары жүріп жатқан нысандар:

1. ТК-3 Асқаров көшесі ТК-23;

2. ТК-42 Байтұрсынов көшесі ТК-39 Ғ.Іляев;

3. Түркістан көшесі ТК-24 және ТК-26 аралығы;

4. ТК-60Б Гагарин көшесі;

5. ТК-26 және ТК-27 аралығы Республика даңғылы;

6. 18 шағынаудан Ерімбетов — Рысқұлов көшесі; Жалпы: 3508 метр.

Айта кетейік, қазір қала аумағындағы 147 қазандықты салалық басқармаға өткізу жоспарлануда. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен — 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан — 3, спорт мекемелерінен — 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды.

Previous Post

Шымкенттік жас ғалым «Ақылды үй» моделін ойлап тапты

Next Post

Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі