Жалпы ақылды үйдің ішінде су, өрт және газ датчигі орналасқан. Шымкент қаласы № 89 ІТ мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Шұғыла Сапарбек «Ақылды үй» жобасын көпшілік назарына ұсынды. Шымкенттік оқушының бұл жұмысы білім сайысына 600-ге жуық қатысушының ішінен үздік деп танылып, бас жүлде иегері атанды. «Ақылды үй» макеті Arduino Uno программасы арқылы автоматтандырылған. Ақылды үй — адамның көмегінсіз жұмыс істейтін электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Ақылды үй адамдарға қолайлылық пен жарқын өмір сүруге мүмкіндік береді», — дейді жоба жетекшісі Райхан Бердазимқызы.
Жалпы ақылды үйдің ішінде су, өрт және газ датчигі орналасқан. Су датчигі су шыққан жағдайда бірден zummer датчигі арқылы сигнал беріледі және Bluetooth желісі арқылы үй иесіне SMS хабарлама жібереді. Өрт датчигі мен газ дәл солай, үйде өрт және газ шыққан жағдайда бірден оны сезіп, zummer датчигі арқылы сигнализация орнайды және үй иесіне Bluetooth желісі арқылы телефон құрылғысына смс хабарлама келеді. Шұғыла Сапарбек өзінің ұсынған жобасын былай түсіндіреді: «Ақылды үйге күн панелі мен жел генераторын орнаттым. Күн панелі 180° градусқа күнмен бірге айнала отырып өзіне қуат көзін жинайды. Ал жел генераторы желдің бағытына қарай қалақшалары арқылы қуат көзін жинап үйге жарық беріп отырады. Жинақталған энергия көзі вольтметрде көрсетіп тұрады. Қазіргі уақытта үйдің тоғы 100% жұмсайтын болса, ақылды үйде орналасқан күн панелі мен жел генераторының көмегімен біз қуат көзінің 30% пайызын үнемдейтін боламыз», — дейді.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы №65 мектеп-гимназияның оқушысы Айтжан Ізет ойлап тапқан – бұл құрылғы жер вертикальді және горизонтальді бағытта сілкінісі де, ғимараттың сейсмотұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл құрылғының тағы бір ерекшелігі – оның созылғыштығында. Егер жер сілкінісі кезінде жер мен ғимарат арасындағы ара қашықтық ұлғаятын болса, тізбек те ұзара түседі. Құрылғы 2 симметриялы бөліктен тұрады. Бірінші корпусы, яғни горизонталь орналасқан бөлігі, ол жерге бекітіледі. Екі кубтың арасында айналмалы цилиндр орналасады. Дәл осы цилиндр жердің тербеліс кезінде қозғалыста болып, ғимараттың тепе-теңдігін сақтап тұрады. Аталмыш құрылғы “Тұрақтандырғыш” деп аталды. Шымкенттік оқушының бұл еңбегі архитектура саласына үлес қосады деп сенеміз.