13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ​А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр

30 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ​А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанда болып, жұмыстардың барысын тексерді. Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанда болып, жұмыстардың барысын тексерді. 31 шақырым жол 8 кезеңмен жөнделеді. А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жоспар бойынша жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тратуар салу жоспарлануда.

А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары осыған дейін 65% пайызға орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талапқа сай жүргізіп, өндірістік кестеге сай нысанды биыл қолданысқа беруді тапсырды. Айта кетейік, Шымкент қаласында 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды. Қалада қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері белгіленген аумақтарға 1079 жол белгісі орнатылып, 220-сы жаңаланды, қажеттілігі бар аумақтарға 10 бағдаршам қойылды.

Жыл соңына дейін тағы 4 мың дана жол белгісін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар орындарда жол қауіпсіздігін қамту мақсатында 400 метр жасанды жол кедергілері орнатылды. Көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Назарбеков — Бәйтереков көшелері қиылысында, Кеңжарық — Патеев көшелерінде, Бәйдібек би даңғылы, Тұран шағын ауданына бұрылыста оң жақ өткелдер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ, Алаш, Бекжан базарлары маңында, Темірлан тас жолы мен А-2 айналма жолында 3 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру шаралары пысықталды

Next Post

ЕGeO-2023: Шымкенттік оқушылар олимпиададан жүлделі оралды   

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі