13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру шаралары пысықталды

30 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру шаралары пысықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Сондай-ақ, көпқабатты үйлерді сейсмикалық нығайту мәселелері талқыланды. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру және көпқабатты үйлерді сейсмикалық нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жиналыс барысында реновациялауға жатқызылған 6 үйдің орнына жаңа заманауи көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысын салу жоспары пысықталды. Бағдарлама шарты бойынша тұрғындарға жаңа көппәтерлі үйден пәтерлер берілетін болады. Бүгінгі таңда 6 мекенжай бойынша қызығушылық танытқан инвесторлар бар. Алдағы 2 апта шеңберінде бірлескен келісім шарттар түзілетін болады.

Сонымен қатар, аталған тұрғын үйлерді қыркүйек айына дейін бұзу жоспарланған. Сейсмонығайту бойынша қала аумағында 36 үйге техникалық зерттеу жүргізілген болса, оның 13-не жобалық құжаттамасы әзірленеді. Ал қалған 23 үйдің техникалық зерттеу қорытындыларының мерзімі өткен. Қазіргі таңда қала бойынша 199 үй техникалық зерттеуді қажет етеді. Сонымен бірге, бірінші кезекте сейсмикалық нығайтуды қажет ететін 17 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу қорытындысын алу мақсатында бюджеттік өтінім ұсынылды. Одан бөлек, техникалық зерттеу қорытындысына сәйкес, бірінші кезекте сейсмонығайту талап ететін 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге бюджеттік өтінім берілген. М.Дүйсенбекұлы басқарма басшылары мен «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасына бағдарламаны шұғыл бастауға және 2023 жылға белгіленген индикаторды орындауға тапсырма берілді. Сондай-ақ халық қауіпсіздігін алдын алып, қаладағы көпқабатты ғимараттарды сейсмонығайту шараларын талапқа сай жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаланың инвестициялық штаб отырысы өткізілді. Қазіргі уақытта қала бойынша 524,7 миллиард теңгеге 143 жоба қаралып, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Мұрат Дүйсенбекұлы аталған жиын барысында әр аудан бойынша ретсіз сауда орындарын болдырмау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Инвест штабта 10 ірі жоба талқыланды

Next Post

ШЫМКЕНТ: ​А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі