13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Инвест штабта 10 ірі жоба талқыланды

30 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Инвест штабта 10 ірі жоба талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Мұрат Дүйсенбекұлы инвесторларға мемлекет тарапынан қолдаулар кедергісіз көрсетілуі қажет екенін айтты. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаланың инвестициялық штаб отырысы өткізілді. Қазіргі уақытта қала бойынша 524,7 миллиард теңгеге 143 жоба қаралып, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атайтын болсақ, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған түркиялық инвесторлардың бастамасымен сусындар зауыты, инвестициялық көлемі 5 миллиард теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау зауыты, темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілу сатысында. Әсіресе, биыл ашылуы тиіс ішкі және сыртқы кәріз жүйелерін және ПВХ-дан жаңбыр суағарларын өндіру зауытының құрылысы 60 пайызға дайын.

Автомобиль әйнегін шығару зауыты, керамикалық тақталар өндірісі, көпфункцияналды қойма кешені де қаланың экономикалық даму көрсеткішін ілгерілететін тетіктердің бірі. Сондықтан Мұрат Дүйсенбекұлы инвесторларға мемлекет тарапынан қолдаулар кедергісіз көрсетілуі қажет екенін айтып, басқарма басшыларына жер және инфрақұрылымдық мәселелеріне қатысты тапсырмаларды жүктеді. Сондай-ақ, Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаладағы ретсіз сауда орындарын жоюға қатысты арнайы жиын өтті. Қала көркі мен тәртібіне нұқсан келтіріп тұрған заңсыз сауда қатарларын ретке келтіру мақсатында әр ауданда жұмысшы топ құрамы бекітілген. Мұндағы комиссия шешіміне сәйкес рейдтік іс шаралар жүргізіліп, заңсыз нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған жиын барысында әр аудан бойынша ретсіз сауда орындарын болдырмау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Мәселен, қала бойынша 1 500-ге жуық заңсыз сауда орындары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұлғаларға 1125 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, 200-ден аса кәсіпкерге айыппұл салынып, 5 миллионғк жуық айып суммасы өндірілген.

Previous Post

Шымкентте ретсіз саудамен айналысқандарға базардан бос орындар ұсынылды

Next Post

ШЫМКЕНТ: Реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру шаралары пысықталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі