13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕGeO-2023: Шымкенттік оқушылар олимпиададан жүлделі оралды   

30 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ЕGeO-2023: Шымкенттік оқушылар олимпиададан жүлделі оралды   
Share on FacebookShare on Twitter

 

Енді жеңімпаз оқушылар ел намысын IGeo-2023 халықаралық олимпиадасында 2023 жылдың тамыз айында қорғайды. ЕGeO-2023 Еуропалық географиялық олимпиадасынан Шымкент оқушылары жүлдемен қайтты . География пәні бойынша өткен еуропалық олимпиадада химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Серікбай Қанат күміс медаль, Сыдыков Арсен қола медаль иегері атанды. Бастапқыда Балқан олимпиадасы деп аталған Еуропалық географиялық олимпиада 12 мен 19 жас аралығындағы мектеп оқушыларының жыл сайынғы жарысы. Еуропалық географиялық олимпиада 2023 жылдың 24-30 маусымы аралығында Белград қаласында өтіп, 9 елден 98 қатысушыларды біріктірді.

Арсен мен Қанат география пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, сондай-ақ мектепте озат зияткерлер. Енді жеңімпаз оқушылар ел намысын IGeo-2023 халықаралық олимпиадасында 2023 жылдың тамыз айында қорғайды. Еске сала кетейік, 2022 жылдың 29-30 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионат өткен болатын. WRO-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналды. Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатынан ұлттық чемпионатқа 9 «Б» сынып оқушысы Тойлыбаев Олжас мен 8 «Ә» сынып оқушысы Қаныбек Әмина қатысып, өз бақтарын сынаған болатын.

Нәтижесінде жас зияткерлер World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионаттың жүлделі І орын иегерлері атанды. Олар Robosport санаты бойынша жарысқа түсті. Сондай-ақ, Шымкенттік оқушылар Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған Demo Day алаңында да жеңімпаз атанды. Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектепте «Caspian Startup-2022» халықаралық стартаптар байқауы өткізілді. 2022 жылы дәстүрлі байқауға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстаннан 120-дан астам жоба келіп түскен. Олардың барлығы табысты стартаптарды құру және ілгерілетуге, сондай-ақ стартап мәдениетін қалыптастыруға, инвесторлар тартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған. Сондай-ақ бұл жылы алғаш рет «Caspian Startup-2022» байқауымен қатар, Зияткерлік мектептер мен Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған жаңа жобасының қатысушыларын біріктіретін Demo Day шарасы өтті. Одан алдын үш ай бойы NIS оқушылары Astana HUB-та онлайн оқудан өтіп, тәлімгерлермен бірлесіп өз жобаларын әзірлеген болатын.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ​А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Next Post

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі