13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Пробация қызметі: азаматтарды қоғам өміріне бейімдеу маңызды

1 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Пробация қызметі: азаматтарды қоғам өміріне бейімдеу маңызды
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған — ел. Елімізде түзету мекемелерінен шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Пробация» әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету орталығында «Жаңа өмір» жобасы аясында оқыту семинары өтті.

Мақсаты — жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, өзге де әлеуметтік-құқықтар мен психологиялық көмек беру болып табылады. «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай Өмірзаққызы, «Право» қоғамдық қорының медиаторы Байсерикова Динара , «Право» қоғамдық қорының психолог маманы Қарабек Нұргүл , М. Әуезов университетінің «Тарих және педагогика» факультеті «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының магистр оқытушысы психолог маманы Алдиев Ахатбай қатысып, сала бағыттары бойынша пробация есебіндегі жастарға кеңес берді.

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі болып табылады. Қазіргі таңда 35 жасқа дейін 765 азамат сотталғандар есебінде тұр. Оның ішінде, 97 жас жұмыссыз болса, жұмыспен қамтылғандар саны – 585. Сондай-ақ пробация жастары арасында мектептен кейінгі оқу орындарын аяқтамаған жастарда бар. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 71 жас бар. Айта кетейік, жыл басынан бері Жастар ресурстық орталығының психологтары 160 жуық азаматқа психологиялық көмек көрсеткен.

Previous Post

Шомылу маусымы: қауіпсіздік шараларын сақтау міндет

Next Post

Ұлттық домбыра күніне орай Түркістан облысында «Домбыра тарту» челленджі өтіп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі