Түркістан облысында «Домбыра тарту» челленджі өтіп жатыр.
Түркістандағы «Этноауыл» кешенінде «Қазақтың үні – домбыра» атты мерекелік концерт өтті. Ұлттық рухты көтерген іс-шараға Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, облыстық мәлихат депутаты Қалыйма Жантөреева, «Оқушылар» сарайының директоры Индира Икапова, сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.«Домбыра — ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге жасап, қиын-қыстау кезеңдерде елдің мұң-мұқтажын тілсіз жеткізген қастерлі аспабымыз. Бұрын оның үні алты қырдан асатын болса, қазір алты құрлыққа жетіп, әлем халқын тәнті етіп келе жатыр. Сондықтан, асыл домбырамыздың құдіретін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің идеологиялық маңызы зор», — деді іс-шараны ашып берген Оразкүл Шайхықызы.
Сондай-ақ, облыстық мәлихат депутаты Қалыйма Жантөреева мен «Оқушылар» сарайының директоры Индира Икапова да барша қазақ елін мерекемен құттықтап, домбыраның маңызына тоқталып өтті.Мерекелік концертке келген көрермендер жас өнерпаздардың күмбірлете тартқан күйін, нақышына келтіре орындаған термелері мен халық әңдерін тыңдап, домбыра үнінің құдіретін сезініп қайтты.
Ал, Жетісай ауданында жас күйшілерден құралған 200 домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін нақышына келтіріп орындап, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Ақжайық» музыка мектебінің оқушылары да «Балбырауын» күйін аса белсенділікпен орындаса, жас әншілер «Халық әндерінен попурри» айтып, ұлттық домбыра күнін ұлықтады.
Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шаралар облыстың барлық аудан қалаларында ұйыидастырылды.
Айта кетсек, Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. 1 шілде – Ұлттық домбыра күні. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді.